Хадис

Кутуб ситтә, № 5706

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
913. Некенің бұзылуына негіз болатын және болмайтын жағдайлар
Нөмірі
№ 5706 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 10
5706
Кутуб ситтә, № 5706 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْ اِبْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ فِي الْأَمَةِ تَكُونُ تَحْتَ الْعَبْدِ فَتَعْتِقُ: إِنَّ لَهَا الْخِيَارَ مَا لَمْ يَمَسَّهَا. أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) құлдың некесіндегі күң азат етілсе, күйеуімен жақындасқанға дейін некені жалғастыру-жалғастырмауды өзі шешетінін айтқан.1

Түсіндірме

Күң азаттық алған соң, құл күйеуімен некесін жалғастыру-жалғастырмауды дереу шешкені жөн. Айырылғысы келетінін білдірместен күйеуімен жақындасса, таңдау хақынан айырылады да, некесі жалғасады. Кейін «Мұндай құқығым барын білмедім» десе де, сол негізбен некені бұзуды талап ете алмайды.

  1. 1Муатта, Талақ 26, (2, 562).