Хадис

Кутуб ситтә, № 5759

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
927. Ақылдасудың маңызы. Ақылдасу әмірі
Нөмірі
№ 5759 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
5759
Кутуб ситтә, № 5759 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مُضْطَجِعًا عَلَى بَطْنِهِ، فَقَالَ: إِنَّ هَذِهِ ضِجْعَةٌ لَا يُحِبُّهَا اللَّهُ تَعَالَى. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла елшісі (с.а.с.) етбетінен жатқан бір адамды көріп: “Бұл – Алла Тағала ұнатпайтын жатыс”, – деді».1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) етпетінен жатуға тыйым салып, мұны Алла ұнатпайтын жатыс деп сипаттаған. Өзге бір риуаятта ол «тозақ жұртының жатысы» делінген. Ияш ибн Тихфа әкесінің басынан өткен мына оқиғаны жеткізген. Тихфа мешітте етпетінен ұйықтап жатқанда, Алла елшісі (с.а.с.) оны аяғымен түртіп оятып: «Бұл – Алла жақтырмайтын жатыс», – деген.

  1. 1Тирмизи, Әдәб 21 (2769).