Хадис

Кутуб ситтә, № 5808

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
939. ӨКІЛДІК БӨЛІМІ
Нөмірі
№ 5808 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5808
Кутуб ситтә, № 5808 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Хаким ибн Хизам (р.а.)

عَنْ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ مَعَهُ بِدِينَارٍ يَشْتَرِي لَهُ بِهِ أُضْحِيَةً فَاشْتَرَى كَبْشًا بِدِينَارٍ وَبَاعَهُ بِدِينَارَيْنِ، فَرَجَعَ وَاشْتَرَى أُضْحِيَةً بِدِينَارٍ، فَجَاءَهُ بِالْأُضْحِيَةِ وَالدِّينَارِ، فَتَصَدَّقَ ﷺ بِالدِّينَارِ، وَدَعَا لَهُ أَنْ يُبَارَكَ لَهُ فِي تِجَارَتِهِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Хаким ибн Хизамның (р.а.) айтуынша, Алла елшісі (с.а.с.) оған бір динар беріп, құрбандық малын сатып әкелуге жіберген. Хаким базардан бір динарға қошқар алды да, кейін оны екі динарға сатты. Қайта барып, бір динарға басқа құрбандық малын сатып алды. Сөйтіп, Алла елшісіне (с.а.с.) құрбандық малы мен бір динар әкелді. Пайғамбарымыз динарды садақа етті, Хакимнің саудасына береке беруін Алладан тіледі.1

Түсіндірме

1. Шариғатта өкілдік дегеніміз – бір кісінің басқа адамды барлық ісінде немесе белгілі бір істе өз орнына қоюы. Бұл – рұқсат етілген амалдардың бірі.

2. Хадисте Алла елшісінің (с.а.с.) өз атынан құрбандық малын алу үшін бір динар беріп жіберген Хакимнің ісі баяндалады. Хаким бір динарға алған қошқарын екі динарға сатып, қайтадан бір динарға қошқар алады. Алла елшісіне (с.а.с.) қошқар мен артылған динарды алып келіп, болған істі баяндайды. Пайғамбарымыз оның істегенін құптап, саудасына береке тілейді.

3. Хадис мал иесі «Бір динарға қошқар ал» деп жіберсе, өкілдің оны бір динарға да, жарты динарға да алуына болатынын көрсетеді. Өйткені мұндай саудада мал иесінің тапсырмасы орындалып, ақшасы да артылады. Осы хадиске сүйенген кейбір ғалымдар басқа адамның атынан алдын ала өкілет алмай жасалған сауданы жарамды санаған. Имам Мәлик екі пікірінің бірінде, Ахмад алғашқы көзқарасында, сондай-ақ Шафиғи, әзірет Әли, Ибн Аббас, Ибн Мәсғуд пен Ибн Омар осы пікірде болған. Имам Шафиғи кейінгі пікірінде: «Мүлік иесінің рұқсатына тәуелді сату да, сатып алу да жарамсыз», – деген. Әбу Ханифа: «Рұқсатқа тәуелді сату жарамды, сатып алу жарамсыз», – деген. Оның пікірінше, мүлікті иесінің иелігінен шығару үшін оның рұқсаты керек, ал иелігіне кіргізудің үкімі басқа. Имам Мәликтен Әбу Ханифа пікірінің дәл керісі де жеткен.

  1. 1Әбу Дәуіт, Буйуғ 28 (3386); Тирмизи, Буйу 34 (1257).