Хадис

Кутуб ситтә, № 779

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
94. «Зухруф» сүресі
Нөмірі
№ 779 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
779
Кутуб ситтә, № 779 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «وَلَوْلَا أَنْ يَكُونَ النَّاسُ أُمَّةً وَاحِدَةً؛ أَيْ لَوْلَا أَنْ أَجْعَلَ النَّاسَ كُلَّهُمْ كُفَّارًا لَجَعَلْتُ لِبُيُوتِ الْكُفَّارِ سُقُفًا مِنْ فِضَّةٍ وَمَعَارِجَ مِنْ فِضَّةٍ: وَهِىَ الدَّرَجُ، وَسُرُرًا مِنْ فِضَّةٍ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ مُعَلَّقًا.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) ﴿وَلَوْلَآ أَن يَكُونَ ٱلنَّاسُ أُمَّةً وَٰحِدَةً لَّجَعَلْنَا لِمَن يَكْفُرُ بِٱلرَّحْمَٰنِ لِبُيُوتِهِمْ سُقُفًا مِّن فِضَّةٍ وَمَعَارِجَ عَلَيْهَا يَظْهَرُونَ ۝ وَلِبُيُوتِهِمْ أَبْوَٰبًا وَسُرُرًا عَلَيْهَا يَتَّكِـُٔونَ﴾ «Егер адамдар бірыңғай кәпір үмбетке айналмайтын болғанда, Рахманға күпірлік қылған әрбір кәпірді мол байлыққа бөлер едік те, үйлерінің төбесі мен басатын баспалдақтары саф күмістен құйылған болар еді. Һәм үйлерінің есіктері мен шалқая түсіп, жайғасып отыратын орынтақтары да күмістен болар еді»1 аяты жайлы былай деді: «Адамдардың бәрі күпірлікке бой алдырмайтын болғанда, кәпірлердің үйлеріне күміс шатыр, күміс саты, күміс тақ жасар едім».2

Түсіндірме

Хадисті түсіндірушілердің айтуынша, мұнда қорқылған нәрсе – барлық адамдардың дүниеге құнығып кәпірге айналған үмбет болуы.

Фахруддин Рази аятты былай түсіндіреді: «Фәни дүниедегі байлықтардың Алла үшін ешбір құны жоқ. Сол үшін кәпірлерге көбірек бергісі келеді. Олардың дүниелік байлықтары олардың Алла алдындағы деңгейлерін еш арттырмайды. Сонда да Алла оларға одан да көп қылып береді, өйткені адамдар кәпірлердің өте бай екенін көргенде, күпірлік оларға тартымды болып көрінеді де, барлығы күпірлікке бет бұрып, тұтас бір үмбетке айналады.

Көріп отырғанымыздай, аятта кәпірлердің байлығын арттыру жолдары айтылған: ол – шатырдың, сатылардың, есіктердің, тақтардың күмістен жасалуы.

  1. 1«Зухруф» сүресі, 33-34-аяттар
  2. 2Бұхари, Тәпсір, Зухруф 1.