Хадис

Кутуб ситтә, № 5811

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
941. АНТ БӨЛІМІ
Нөмірі
№ 5811 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5811
Кутуб ситтә, № 5811 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنْ اِبْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِرَجُلٍ حَلَّفَهُ: احْلِفْ بِاللَّهِ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ مَا لَهُ عِنْدَكَ شَيْءٌ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) ант беруді ұсынған кісіге: “Өзінен басқа құдай жоқ Алланың атымен ант етіп, талап иесінің сенде ештеңесі жоқ екенін айт”, – деді».1

Түсіндірме

Исламда даулы істе дәлел келтіру талап қоюшының, ал ант беру жауапкердің міндеті саналады. Хадисте Алла елшісі (с.а.с.) жауапкердің қалай ант беруі керегін көрсетеді. Исламда жарамды және жарамсыз анттың аражігі ажыратылған. Әдетте Алланың есімдерімен не сипаттарымен ант етіледі. Ар-намыс секілді ұғымдармен айтылған сөз ант болып есептелмейді.

  1. 1Әбу Дәуіт, Ақдия 24 (3620).