عَنْ اِبْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ حَلَفَ عَلَى يَمِينٍ فَقَالَ: إِنْ شَاءَ اللَّهُ، فَقَدِ اسْتَثْنَى، فَإِنْ شَاءَ رَجَعَ، وَإِنْ شَاءَ تَرَكَ مِنْ غَيْرِ حِنْثٍ. أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ.
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім ант етіп, ‘Алла қаласа’ десе, антына ерекшелік қосқан болады. Қаласа, райынан қайтады, қаласа, ант еткен ісін орындайды. Антын бұзған болып саналмайды”, – деді».1
Түсіндірме
Хадисте бір істі істеуге немесе істемеуге ант берген адам «Алла қаласа» деген сөзді қосса, сол іс туралы антын орындамаған күннің өзінде ханис болып саналмайтыны айтылған. Мұндайда ант кәффаратын өтеу қажет емес.
- 1Муатта, Әйман 10, (2, 477); Әбу Дәуіт, Әйман 11, (3261, 3262); Тирмизи, Әйман 7 (1531); Нәсәи, Әйман 18, 39, (7, 12, 25); ибн Мәжа, Kаффарат 6, (2105. 2106).