عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: نَحْنُ الْآخِرُونَ السَّابِقُونَ؛ وَقَالَ: لَأَنْ يَلِجَّ أَحَدُكُمْ بِيَمِينِهِ فِي أَهْلِهِ آثَمُ لَهُ عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى مِنْ أَنْ يُعْطِي كَفَّارَتَهُ الَّتِي افْتَرَضَ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهِ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Біз кейін келгенмен, алға озатындармыз”, – деді. Содан соң: “Біреуіңнің отбасына қатысты берген антында қасарысып тұрып алуы Алла алдында Ол парыз еткен кәффаратты өтеуден әлдеқайда ауыр күнә”, – деді».1
Түсіндірме
«Лижаж» – берген антынан қайтпай, қасарысып тұрып алу. Антты бұзу қайырлырақ болса, анттан қайтып, қайырлы істі жасаған жөн. Мұндайда анттың кәффараты өтеледі. Бұл әсіресе отбасыңа қатысты берген зиянды антқа қатысты. Хадисте мұндай антты орындап тұрып алудың Алла алдында ауыр күнә екені айтылған. Осылай қасарысқан адам зиянды анттан кәффарат өтеп қайту туралы Алла Тағаланың әмірін орындамаған болады.
- 1Бұхари, Әйман 1; Мүслим, Әйман 26 (1655).