Хадис

Кутуб ситтә, № 5862

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
953. Адамның әдебіне қатысты хадистер
Нөмірі
№ 5862 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 27
5862
Кутуб ситтә, № 5862 · тараудағы реті: 27Риуаят етуші: Әбу Сағид әл-Худри (р.а.)

وَعَنِ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا حَلِيمَ إِلَّا ذُو عَثْرَةٍ وَلَا حَكِيمَ إِلَّا ذُو تَجْرِبَةٍ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Сүрінбей ұстамды, тәжірибе көрмей дана бола алмайсың”, – деді».1

Түсіндірме

«Халим» – хилм иесі. Хилм адамның байсалдылығын, ұстамдылығын, асықпай әрекет етіп, жаза беруге ұмтылмауын білдіреді. Хадис осындай кісілердің де қателесетінін аңғартады. Кейбір ғалымдар оны адамның өзі ағаттық жасап көрмей, кемел ұстамдылыққа жете алмайтыны деп түсіндірген. Ағаттық жасап ұялған адам кешірілгенде, өзгені кешірудің қандай ізгі іс екенін түсінеді. Содан өзге біреу жаңылса, оған жұмсақ қарайды.

Дана адамның өзі көргеннен де, өзгенің басынан өткеннен де тәжірибе алатыны айтылады. Кемел даналық оқиғаларды бастан өткеріп, пайдалы мен зияндыны тәжірибе арқылы ажырата білген адамға тән.

  1. 1Тирмизи, Бирр 86 (2033).