Хадис

Сахих Мүслим, № 49

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
1. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
29. Кім өз әкесінен бас тартса, оның бұл ісі – күпірлікبَابٌ: مَنْ رَغِبَ عَنْ أَبِيهِ فَهُوَ كُفْرٌ
Нөмірі
№ 49 (Мухтасар реті)
49
Мүслим, № 49

عَنْ أَبِي عُثْمَانَ، قَالَ: «لَمَّا ادُّعِيَ زِيَادٌ، لَقِيتُ أَبَا بَكْرَةَ، فَقُلْتُ لَهُ: “مَا هَذَا الَّذِي صَنَعْتُمْ؟ إِنِّي سَمِعْتُ سَعْدَ بْنَ أَبِي وَقَّاصٍ يَقُولُ: ‘سَمِعَ أُذُنَايَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَقُولُ: ‹مَنِ ادَّعَى أَبًا فِي الْإِسْلَامِ غَيْرَ أَبِيهِ، يَعْلَمُ أَنَّهُ غَيْرُ أَبِيهِ، فَالْجَنَّةُ عَلَيْهِ حَرَامٌ›’”. وَقَالَ أَبُو بَكْرَةَ: “أَنَا سَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Осман былай деді: «Зияд басқа біреудің баласы деп танылған кезде, Әбу Бәкрамен кездесіп: “Мына істегендерің не? Мен Сағд ибн Әбу Уаққастың: ‘Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім исламда өз әкесі емес екенін біле тұра, басқа біреуді әкем деп таныса, Жәннат оған харам», – дегенін екі құлағыммен естідім’, – дегенін естідім”, – дедім. Әбу Бәкра: “Мен де мұны Алла Елшісінен (с.а.с.) естідім”, – деді». (63/114)