Хадис

Сахих Мүслим, № 82

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
1. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
57. Алла Тағаланың «Екі арада қос садақтың арасындай ғана аралық қалды, тіпті одан да жақын» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَكَانَ قَابَ قَوْسَيْنِ أَوْ أَدْنَى﴾
Нөмірі
№ 82 (Мухтасар реті)
82
Мүслим, № 82

عَنِ الشَّيْبَانِيِّ، قَالَ: «سَأَلْتُ زِرَّ بْنَ حُبَيْشٍ، عَنْ قَوْلِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَكَانَ قَابَ قَوْسَيْنِ أَوْ أَدْنَى﴾ [النَّجْمِ: 9]، قَالَ: “أَخْبَرَنِي ابْنُ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ رَأَى جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ لَهُ سِتُّمِائَةِ جَنَاحٍ”».

Қазақша аудармасы

Әш-Шәйбани былай деді: «Мен Зирр ибн Хубайштан Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың: “Екі арада қос садақтың арасындай ғана аралық қалды, тіпті одан да жақын” («Нәжм», 9) деген сөзі туралы сұрадым. Ол: “Ибн Масғуд (р.а.) маған Пайғамбардың (с.а.с.) алты жүз қанаты бар Жәбірейілді (оған Алланың сәлемі болсын) көргенін хабарлады”, – деді». (174/280)