Хадис

Сахих Мүслим, № 819

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
11. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
17. Салмағы бір нәуатқа, яғни бес дирһамға тең алтынды мәһір етіп беріп үйленуبَابٌ: النِّكَاحُ عَلَى وَزْنِ نَوَاةٍ مِنْ ذَهَبٍ
Нөмірі
№ 819 (Мухтасар реті)
819
Мүслим, № 819Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ رَأَى عَلَى عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَثَرَ صُفْرَةٍ، فَقَالَ: «مَا هَذَا؟» قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي تَزَوَّجْتُ امْرَأَةً عَلَى وَزْنِ نَوَاةٍ مِنْ ذَهَبٍ». قَالَ: «فَبَارَكَ اللَّهُ لَكَ، أَوْلِمْ وَلَوْ بِشَاةٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Абдуррахман ибн Ауфтың бойынан сарғыш із көріп: “Бұл не?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Алланың елшісі! Мен бір әйелге салмағы бір нәуат алтынды мәһір етіп үйлендім”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Алла саған береке берсін! Бір қоймен болса да, үйлену тойын жаса”, – деді (1427/79).