Хадис

Сахих Мүслим, № 821

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
11. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
19. Алла Тағаланың «Қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да» деген сөзі қамтылған аят туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ﴾ الْآيَةَ
Нөмірі
№ 821 (Мухтасар реті)
821
Мүслим, № 821Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كُنْتُ أَغَارُ عَلَى اللَّاتِي وَهَبْنَ أَنْفُسَهُنَّ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَقُولُ: “وَتَهَبُ الْمَرْأَةُ نَفْسَهَا؟” فَلَمَّا أَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَنْ تَشَاءُ وَمَنِ ابْتَغَيْتَ مِمَّنْ عَزَلْتَ﴾ [الْأَحْزَابِ: ٥١]، قَالَتْ: قُلْتُ: “وَاللَّهِ، مَا أَرَى رَبَّكَ إِلَّا يُسَارِعُ لَكَ فِي هَوَاكَ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Өздерін Алла елшісіне (с.а.с.) сыйлаған әйелдерді қызғанып: “Әйел өзін-өзі осылай сыйға ұсына ма екен?” – дейтінмін. Алла Тағала: “Қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да, қайсысын кезегінен бұрын жаныңа шақырып алсаң да өз еркің. Әрі кезегін кейінге шегерген әйелдеріңнің қайсыбіріне ертерек баруды қалап, кезегін қайтадан алға шығарсаң да...” («Ахзаб», 51) деген аят үзіндісін түсіргенде, мен: “Алламен ант етемін, Раббың сенің қалауыңды орындауға асығады екен”, – дедім» (1464/49).