Хадис

Сахих Мүслим, № 871

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
14. Лиған (қарғыс айтып анттасу) кітабыكِتَابُ اللِّعَانِ
бап
2. Баланың өзінен туғанын мойындамау және оның арғы аталарына тартуы туралы.بَابٌ: فِي إِنْكَارِ الْوَلَدِ وَنَزْعِ الْعِرْقِ
Нөмірі
№ 871 (Мухтасар реті)
871
Мүслим, № 871Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أَعْرَابِيًّا أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ امْرَأَتِي وَلَدَتْ غُلَامًا أَسْوَدَ، وَإِنِّي أَنْكَرْتُهُ». فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: «هَلْ لَكَ مِنْ إِبِلٍ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «مَا أَلْوَانُهَا؟» قَالَ: «حُمْرٌ». قَالَ: «فَهَلْ فِيهَا مِنْ أَوْرَقَ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَأَنَّى هُوَ؟» قَالَ: «لَعَلَّهُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، يَكُونُ نَزَعَهُ عِرْقٌ لَهُ». فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: «وَهَذَا لَعَلَّهُ يَكُونُ نَزَعَهُ عِرْقٌ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір бәдәуи Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Әйелім қара түсті ұл туды. Мен оны өз балам деп мойындамай отырмын”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: “Түйелерің бар ма?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Олардың түсі қандай?” – деп сұрады. Ол: “Қызыл”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Арасында қарасұры бар ма?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Онда оның түсі қайдан келген?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Расулалла! Бәлкім, ол арғы тегінің біріне тартқан шығар”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Мына бала да, бәлкім, арғы тегінің біріне тартқан болар”, – деді». (1500/20)