Хадис

Сахих Мүслим, № 887

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
16. Нәпақа кітабыكِتَابُ النَّفَقَاتِ
бап
4. Әйел күйеуінің мал-мүлкінен оның бала-шағасын асырау үшін орынды мөлшерде қаражат жұмсай алады.بَابٌ: لِلْمَرْأَةِ أَنْ تُنْفِقَ مِنْ مَالِ زَوْجِهَا بِالْمَعْرُوفِ عَلَى عِيَالِهِ
Нөмірі
№ 887 (Мухтасар реті)
887
Мүслим, № 887Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «جَاءَتْ هِنْدٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَاللَّهِ مَا كَانَ عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ أَهْلُ خِبَاءٍ أَحَبَّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ يُذِلَّهُمُ اللَّهُ مِنْ أَهْلِ خِبَائِكَ، وَمَا عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ أَهْلُ خِبَاءٍ أَحَبَّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ يُعِزَّهُمُ اللَّهُ مِنْ أَهْلِ خِبَائِكَ”. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “وَأَيْضًا، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ”. ثُمَّ قَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ أَبَا سُفْيَانَ رَجُلٌ مُمْسِكٌ، فَهَلْ عَلَيَّ حَرَجٌ أَنْ أُنْفِقَ عَلَى عِيَالِهِ مِنْ مَالِهِ بِغَيْرِ إِذْنِهِ؟” فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “لَا حَرَجَ عَلَيْكِ أَنْ تُنْفِقِي عَلَيْهِمْ بِالْمَعْرُوفِ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Һинд Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Алламен ант етемін, бұрын Алланың сіздің отбасыңызды қор етуін қалағанымдай, жер бетіндегі басқа ешбір отбасын қор етуін қалаған емеспін. Ал қазір Алланың сіздің отбасыңызды абыройлы етуін қалағанымдай, жер бетіндегі басқа ешбір отбасын абыройлы етуін қаламаймын”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Әлі де арта түседі. Жаным қолында болған Алламен ант етемін!” – деді. Содан кейін Һинд: “Уа, Расулалла! Әбу Суфиян – қолы тар адам. Оның рұқсатынсыз малынан бала-шағасына жұмсасам, маған күнә бола ма?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Оларға жөн-жосыққа сай мөлшерде жұмсасаң, саған күнә жоқ”, – деді». (1714/8)