عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَجْزِي وَلَدٌ وَالِدًا، إِلَّا أَنْ يَجِدَهُ مَمْلُوكًا فَيَشْتَرِيَهُ فَيُعْتِقَهُ».
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ешбір перзент әкесінің ақысын өтей алмайды. Тек оны біреудің құлы күйінде кездестіріп, сатып алып, азат еткен жағдайда ғана өтей алады», – дегенін жеткізді (1510/25).