عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ أَعْتَقَ شِقْصًا لَهُ فِي عَبْدٍ، فَخَلَاصُهُ فِي مَالِهِ إِنْ كَانَ لَهُ مَالٌ، فَإِنْ لَمْ يَكُنْ لَهُ مَالٌ، اُسْتُسْعِيَ الْعَبْدُ غَيْرَ مَشْقُوقٍ عَلَيْهِ».
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім ортақ құлдан өзіне тиесілі үлесті азат етсе, жеткілікті мал-мүлкі болған жағдайда құлдың қалған үлесінің құны оның малынан төленіп, құл толық азат етіледі. Ал мал-мүлкі болмаса, құл қалған құнын өтеу үшін еңбектенуге міндеттеледі, бірақ оған ауыртпалық түсірілмейді», – дегенін жеткізді (1503/3).