عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «مَنْ تَوَلَّى قَوْمًا بِغَيْرِ إِذْنِ مَوَالِيهِ، فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صَرْفًا وَلَا عَدْلًا».
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім өзін азат еткен иелерінің рұқсатынсыз басқа бір қауыммен уәлә қатынасын орнатса, оған Алланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті болсын. Қиямет күні Алла оның парыз амалын да, нәпіл амалын да қабыл етпейді», – дегенін жеткізді (1508/19).