عَنْ سُوَيْدِ بْنِ مُقَرِّنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ جَارِيَةً لَهُ لَطَمَهَا إِنْسَانٌ، فَقَالَ لَهُ سُوَيْدٌ: «أَمَا عَلِمْتَ أَنَّ الصُّورَةَ مُحَرَّمَةٌ؟» فَقَالَ: «لَقَدْ رَأَيْتُنِي وَإِنِّي لَسَابِعُ إِخْوَةٍ لِي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَمَا لَنَا خَادِمٌ غَيْرُ وَاحِدٍ، فَعَمَدَ أَحَدُنَا فَلَطَمَهُ، فَأَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ نُعْتِقَهُ».
Қазақша аудармасы
Суәйд ибн Муқарриннен (р.а.) жеткен хабарда бір адамның оның күңін шапалақпен ұрғаны айтылады. Сонда Суәйд оған: «Бетке ұруға тыйым салынғанын білмедің бе?» – деді. Содан кейін: «Алла Елшісінің (с.а.с.) тұсында біз жеті ағайынды едік. Бізде бір ғана қызметші болатын. Біріміз оны шапалақпен ұрып жібергенде, Алла Елшісі (с.а.с.) бізге оны азат етуді бұйырды», – деді (1658/33).