Хадис

Сахих Мүслим, № 909

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
18. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
2. Сатып алынған азық-түлікті толық қабылдап алмай тұрып сатуға тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ عَنْ بَيْعِ الطَّعَامِ قَبْلَ أَنْ يُسْتَوْفَى
Нөмірі
№ 909 (Мухтасар реті)
909
Мүслим, № 909Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ ابْتَاعَ طَعَامًا فَلَا يَبِعْهُ حَتَّى يَسْتَوْفِيَهُ». قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «وَأَحْسِبُ كُلَّ شَيْءٍ مِثْلَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Кім азық-түлік сатып алса, оны толық қолына алмайынша сатпасын». Ибн Аббас (р.а.): «Меніңше, басқа нәрселердің бәріне де осы үкім қатысты», – деді (1525/29).