Хадис

Сахих Мүслим, № 916

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
18. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
7. Жеміс пісіп-жетілмейінше сатылмайдыبَابٌ: لَا يُبَاعُ الثَّمَرُ حَتَّى يَطِيبَ
Нөмірі
№ 916 (Мухтасар реті)
916
Мүслим, № 916

عَنْ أَبِي الْبَخْتَرِيِّ، قَالَ: «سَأَلْتُ ابْنَ عَبَّاسٍ عَنْ بَيْعِ النَّخْلِ، فَقَالَ: “نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ بَيْعِ النَّخْلِ حَتَّى يَأْكُلَ مِنْهُ أَوْ يُؤْكَلَ، وَحَتَّى يُوزَنَ”. قَالَ: فَقُلْتُ: “مَا يُوزَنُ؟” فَقَالَ رَجُلٌ عِنْدَهُ: “حَتَّى يُحْزَرَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Бахтари былай деді: «Мен Ибн Аббастан құрма ағаштарындағы жемісті сату туралы сұрадым. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) құрманың жемісі жеуге жарағанға дейін (немесе желіне бастағанға дейін) әрі мөлшері анықталғанға дейін оны сатуға тыйым салды”, – деді. Мен: “Мөлшерінің анықталуы деген не?” – деп сұрадым. Оның жанында отырған бір кісі: “Мөлшерінің шамалап есептелуі”, – деді» (1537/55).