Хадис

Сахих Мүслим, № 923

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
18. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
14. Жемісі бар құрма ағашын сатқан адам туралыبَابٌ: مَنْ بَاعَ نَخْلًا فِيهَا ثَمَرٌ
Нөмірі
№ 923 (Мухтасар реті)
923
Мүслим, № 923Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَنِ ابْتَاعَ نَخْلًا بَعْدَ أَنْ تُؤَبَّرَ فَثَمَرَتُهَا لِلَّذِي بَاعَهَا، إِلَّا أَنْ يَشْتَرِطَ الْمُبْتَاعُ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім тозаңдандырылғаннан кейін құрма ағаштарын сатып алса, олардың жемісі сол ағаштарды сатқан адамға тиесілі болады. Алайда сатып алушы жемістің өзіне тиесілі болуын шарт етсе, жеміс оған тиесілі болады. Сондай-ақ кім құл сатып алса, құлдың мал-мүлкі оны сатқан адамға тиесілі болады. Алайда сатып алушы сол мал-мүліктің өзіне тиесілі болуын шарт етсе, ол оған тиесілі болады”, – дегенін естідім» (1543/80).