Хадис

Сахих Мүслим, № 931

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
18. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
21. Өлексені, пұттарды және шошқаларды сатудың харамдығы туралыبَابٌ: تَحْرِيمُ بَيْعِ الْمَيْتَةِ وَالْأَصْنَامِ وَالْخَنَازِيرِ
Нөмірі
№ 931 (Мухтасар реті)
931
Мүслим, № 931Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ عَامَ الْفَتْحِ وَهُوَ بِمَكَّةَ: «إِنَّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ حَرَّمَ بَيْعَ الْخَمْرِ، وَالْمَيْتَةِ، وَالْخِنْزِيرِ، وَالْأَصْنَامِ»، فَقِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ شُحُومَ الْمَيْتَةِ، فَإِنَّهُ يُطْلَى بِهَا السُّفُنُ، وَيُدْهَنُ بِهَا الْجُلُودُ، وَيَسْتَصْبِحُ بِهَا النَّاسُ؟» قَالَ: «لَا، هُوَ حَرَامٌ». ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عِنْدَ ذَلِكَ: «قَاتَلَ اللَّهُ الْيَهُودَ، إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ لَمَّا حَرَّمَ عَلَيْهِمْ شُحُومَهَا أَجْمَلُوهُ، ثُمَّ بَاعُوهُ فَأَكَلُوا ثَمَنَهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Мекке азат етілген жылы Алла Елшісінің (с.а.с.) Меккеде тұрып: “Расында, Алла мен Оның Елшісі ішімдікті, өлексені, доңызды және пұттарды сатуды харам етті”, – дегенін естідім. Сонда одан: “Уа, Расулалла! Өлексенің майы туралы не айтасыз? Онымен кемелер майланады, терілер өңделеді әрі адамдар оны шам жағуға пайдаланады”, – деп сұралды. Ол (с.а.с.): “Жоқ, ол да харам”, – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла яһудилерді құртсын! Алла Тағала оларға майды харам еткенде, олар оны ерітіп, кейін сатып, ақшасын жеді”, – деді» (1581/71).