Хадис

Сахих Мүслим, № 949

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
18. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
39. Алтынды алтынға, күмісті күміске, бидайды бидайға және өсімге қатысты өзге заттарды өз тектес заттарға тең мөлшерде, қолма-қол айырбастау туралыبَابٌ: بَيْعُ الذَّهَبِ بِالذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ بِالْفِضَّةِ وَالْبُرِّ بِالْبُرِّ وَسَائِرِ مَا فِيهِ الرِّبَا سَوَاءً بِسَوَاءٍ يَدًا بِيَدٍ
Нөмірі
№ 949 (Мухтасар реті)
949
Мүслим, № 949Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит (р.а.)

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الذَّهَبُ بِالذَّهَبِ، وَالْفِضَّةُ بِالْفِضَّةِ، وَالْبُرُّ بِالْبُرِّ، وَالشَّعِيرُ بِالشَّعِيرِ، وَالتَّمْرُ بِالتَّمْرِ، وَالْمِلْحُ بِالْمِلْحِ، مِثْلًا بِمِثْلٍ، سَوَاءً بِسَوَاءٍ، يَدًا بِيَدٍ، فَإِذَا اِخْتَلَفَتْ هَذِهِ الْأَصْنَافُ فَبِيعُوا كَيْفَ شِئْتُمْ، إِذَا كَانَ يَدًا بِيَدٍ».

Қазақша аудармасы

Убада ибн Самиттің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Алтынды алтынға, күмісті күміске, бидайды бидайға, арпаны арпаға, құрманы құрмаға және тұзды тұзға бірдей мөлшерде, теңбе-тең әрі қолма-қол сатыңдар. Ал айырбасталатын заттардың түрі бөлек болса, қолма-қол болған жағдайда қалағандарыңша сатыңдар», – деді (1587/81).