Хадис

Сахих Мүслим, № 967

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
18. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
54. Кейін жеткізілетін жеміс өнімін ақысын алдын ала төлеп сатып алу туралыبَابٌ: السَّلَفُ فِي الثِّمَارِ
Нөмірі
№ 967 (Мухтасар реті)
967
Мүслим, № 967Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ الْمَدِينَةَ، وَهُمْ يُسْلِفُونَ فِي الثِّمَارِ السَّنَةَ وَالسَّنَتَيْنِ، فَقَالَ: “مَنْ أَسْلَفَ فِي تَمْرٍ فَلْيُسْلِفْ فِي كَيْلٍ مَعْلُومٍ، وَوَزْنٍ مَعْلُومٍ، إِلَى أَجَلٍ مَعْلُومٍ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға келген кезде, жұрт бір немесе екі жылдан кейін берілетін жемістердің ақысын алдын ала төлеп, сәләм саудасын жасайтын. Сонда ол (с.а.с.): “Кім құрманы сәләм жолымен сатып алса, оны көлем өлшемін, салмағын және жеткізілетін мерзімін нақты белгілеп сатып алсын”, – деді» (1604/127).