Хадис

Сахих Мүслим, № 110

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
7. Ғимарат ішінде құбылаға қарап дәрет сындыруға рұқсат етілуіبَابٌ: الرُّخْصَةُ فِي ذَلِكَ بِالْأَبْنِيَةِ
Нөмірі
№ 110 (Мухтасар реті)
110
Мүслим, № 110

عَنْ وَاسِعِ بْنِ حَبَّانَ، قَالَ: «كُنْتُ أُصَلِّي فِي الْمَسْجِدِ، وَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ مُسْنِدٌ ظَهْرَهُ إِلَى الْقِبْلَةِ، فَلَمَّا قَضَيْتُ صَلَاتِي انْصَرَفْتُ إِلَيْهِ مِنْ شِقِّي، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “يَقُولُ أُنَاسٌ: ‘إِذَا قَعَدْتَ لِلْحَاجَةِ، فَلَا تَقْعُدْ مُسْتَقْبِلَ الْقِبْلَةِ وَلَا بَيْتَ الْمَقْدِسِ’”. قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “وَلَقَدْ رَقِيتُ عَلَى ظَهْرِ بَيْتٍ، فَرَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَاعِدًا عَلَى لَبِنَتَيْنِ مُسْتَقْبِلًا بَيْتَ الْمَقْدِسِ لِحَاجَتِهِ”».

Қазақша аудармасы

Уасиғ ибн Хаббан былай деген: «Мен мешітте намаз оқып тұрдым. Ал Абдулла ибн Омар құбылаға арқасын беріп, сүйеніп отырған еді. Намазымды аяқтаған соң, жанымда отырған оған бұрылдым. Сонда Абдулла: “Кейбір адамдар: ‘Қажетіңді өтеуге отырғанда, құбылаға да, Бәйтул-Мақдиске де қарап отырма’, – дейді. Алайда мен бір үйдің төбесіне шыққанымда, Алла Елшісінің (с.а.с.) қажетін өтеу үшін екі кірпіштің үстіне Бәйтул-Мақдиске қарап отырғанын көрдім”, – деді». (266/61)