Хадис

Сахих Мүслим, № 118

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
15. Тері иленсе, ол таза боладыبَابٌ: إِذَا دُبِغَ الْإِهَابُ فَقَدْ طَهُرَ
Нөмірі
№ 118 (Мухтасар реті)
118
Мүслим, № 118

عَنْ يَزِيدَ بْنِ أَبِي حَبِيبٍ أَنَّ أَبَا الْخَيْرِ حَدَّثَهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ عَلَى ابْنِ وَعْلَةَ السَّبَئِيِّ فَرْوًا فَمَسِسْتُهُ، فَقَالَ: “مَا لَكَ تَمَسُّهُ؟ قَدْ سَأَلْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عَبَّاسٍ، قُلْتُ: ‘إِنَّا نَكُونُ بِالْمَغْرِبِ، وَمَعَنَا الْبَرْبَرُ وَالْمَجُوسُ نُؤْتَى بِالْكَبْشِ قَدْ ذَبَحُوهُ، وَنَحْنُ لَا نَأْكُلُ ذَبَائِحَهُمْ، وَيَأْتُونَنَا بِالسِّقَاءِ يَجْعَلُونَ فِيهِ الْوَدَكَ’. فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: ‘قَدْ سَأَلْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَ: ‹دِبَاغُهُ طَهُورُهُ›’”».

Қазақша аудармасы

Язид ибн Әбу Хабиб Әбу әл-Хайрдың былай дегенін жеткізген: «Ибн Уағла әс-Сәбәидің үстіндегі тері ішікті көріп, қолыммен ұстап көрдім. Сонда ол: “Оны неге ұстап көрдің? Мен Абдулла ибн Аббасқа: ‘Біз Мағрибте тұрамыз. Арамызда берберлер мен мәжусилер бар. Олар бізге өздері сойған қошқарды әкеледі, бірақ біз олардың сойған малын жемейміз. Сондай-ақ ішіне май құйылған тері торсықтар әкеледі’, – деген едім. Ибн Аббас: ‘Біз де бұл жөнінде Алла Елшісінен (с.а.с.) сұраған едік. Ол: «Теріні илеу – оны тазарту», – деді’, – деп жауап берді”, – деді». (366/106)