Хадис

Сахих Мүслим, № 125

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
21. Алла Елшісінің (с.а.с.) дәрет алу үлгісіبَابٌ: صِفَةُ وُضُوءِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ
Нөмірі
№ 125 (Мухтасар реті)
125
Мүслим, № 125

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدِ بْنِ عَاصِمٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ – وَكَانَتْ لَهُ صُحْبَةٌ – قَالَ: «قِيلَ لَهُ: “تَوَضَّأْ لَنَا وُضُوءَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. فَدَعَا بِإِنَاءٍ فَأَكْفَأَ مِنْهَا عَلَى يَدَيْهِ فَغَسَلَهُمَا ثَلَاثًا، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فَاسْتَخْرَجَهَا فَمَضْمَضَ وَاسْتَنْشَقَ مِنْ كَفٍّ وَاحِدَةٍ، فَفَعَلَ ذَلِكَ ثَلَاثًا، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فَاسْتَخْرَجَهَا فَغَسَلَ وَجْهَهُ ثَلَاثًا، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فَاسْتَخْرَجَهَا فَغَسَلَ يَدَيْهِ إِلَى الْمِرْفَقَيْنِ مَرَّتَيْنِ مَرَّتَيْنِ، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فَاسْتَخْرَجَهَا فَمَسَحَ بِرَأْسِهِ فَأَقْبَلَ بِيَدَيْهِ وَأَدْبَرَ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَيْهِ إِلَى الْكَعْبَيْنِ، ثُمَّ قَالَ: “هَكَذَا كَانَ وُضُوءُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасы Абдулла ибн Зәйд ибн Асим әл-Ансариге (р.а.): «Бізге Алла Елшісінің (с.а.с.) дәрет алу үлгісін көрсетші», – делінді. Сонда ол бір ыдыс алдырып, одан екі қолына су құйып, қолдарын үш рет жуды. Содан кейін қолын ыдысқа салып, қайта шығарды да, бір уыс сумен аузын шайып, мұрнына су тартты. Мұны үш рет қайталады. Содан соң қолын ыдысқа салып, қайта шығарды да, жүзін үш рет жуды. Одан кейін қолын ыдысқа салып, қайта шығарды да, екі қолын шынтағына дейін екі реттен жуды. Содан соң қолын ыдысқа салып, қайта шығарды да, басына мәсіх тартып, екі қолын алға және артқа қарай жүргізді. Кейін екі аяғын тобықтарына дейін жуды да: «Алла Елшісі (с.а.с.) осылай дәрет алатын», – деді. (235/18)