Хадис

Сахих Мүслим, № 129

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
23. Дәретті толық алудың арқасында жүздері мен аяқ-қолдары нұрланатындар туралыبَابُ الْغُرِّ الْمُحَجَّلِينَ مِنْ إِسْبَاغِ الْوُضُوءِ
Нөмірі
№ 129 (Мухтасар реті)
129
Мүслим, № 129Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَتَى الْمَقْبُرَةَ، فَقَالَ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ دَارَ قَوْمٍ مُؤْمِنِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لَاحِقُونَ، وَدِدْتُ أَنَّا قَدْ رَأَيْنَا إِخْوَانَنَا». قَالُوا: «أَوَلَسْنَا إِخْوَانَكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «بَلْ أَنْتُمْ أَصْحَابِي وَإِخْوَانُنَا الَّذِينَ لَمْ يَأْتُوا بَعْدُ». فَقَالُوا: «كَيْفَ تَعْرِفُ مَنْ لَمْ يَأْتِ بَعْدُ مِنْ أُمَّتِكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» فَقَالَ: «أَرَأَيْتَ لَوْ أَنَّ رَجُلًا لَهُ خَيْلٌ غُرٌّ مُحَجَّلَةٌ بَيْنَ ظَهْرَيْ خَيْلٍ دُهْمٍ بُهْمٍ أَلَا يَعْرِفُ خَيْلَهُ؟» قَالُوا: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «فَإِنَّهُمْ يَأْتُونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ غُرًّا مُحَجَّلِينَ مِنَ الْوُضُوءِ، وَأَنَا فَرَطُهُمْ عَلَى الْحَوْضِ. أَلَا لَيُذَادَنَّ رِجَالٌ عَنْ حَوْضِي كَمَا يُذَادُ الْبَعِيرُ الضَّالُّ، أُنَادِيهِمْ: “أَلَا هَلُمَّ”، فَيُقَالُ: “إِنَّهُمْ قَدْ بَدَّلُوا بَعْدَكَ”، فَأَقُولُ: “سُحْقًا، سُحْقًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) зиратқа келіп: «Мүміндер мекенінің тұрғындары, сендерге сәлем болсын! Алла қаласа, біз де сендерге қосыламыз. Шіркін, бауырларымызды көрсек еді!» – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Біз сіздің бауырларыңыз емеспіз бе?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Сендер болса, менің сахабаларымсыңдар. Ал біздің бауырларымыз – әлі келмегендер», – деді. Олар: «Уа, Расулалла! Үмбетіңізден әлі келмегендерді қалай танисыз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Айтыңдаршы, бір адамның бірыңғай қара жылқылардың арасында маңдайы қасқа, аяқтары ала аттары болса, ол өз аттарын танымай ма?» – деді. Олар: «Әрине, таниды, уа, Расулалла!» – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Олар дәреттің әсерінен жүздері жарқырап, аяқ-қолдары нұрланған күйде келеді. Мен олардан бұрын хауыздың басына барып, күтіп тұрамын. Біліп қойыңдар! Кейбір адамдар адасып келген түйені қуғандай менің хауызымнан қуылады. Мен оларға: “Қане, бері келіңдер!” – деп дауыстаймын. Сонда: “Расында, олар сенен кейін өзгерістер жасады”, – делінеді. Сонда мен: “Аулақ болсын! Аулақ болсын!” – деймін», – деген. (249/39)