Хадис

Сахих Мүслим, № 134

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
26. Әшекей дәрет суы тиген жерге дейін жетедіبَابٌ: تَبْلُغُ الْحِلْيَةُ حَيْثُ يَبْلُغُ الْوُضُوءُ
Нөмірі
№ 134 (Мухтасар реті)
134
Мүслим, № 134

عَنْ أَبِي حَازِمٍ، قَالَ: «كُنْتُ خَلْفَ أَبِي هُرَيْرَةَ وَهُوَ يَتَوَضَّأُ لِلصَّلَاةِ فَكَانَ يَمُدُّ يَدَهُ حَتَّى تَبْلُغَ إِبْطَهُ، فَقُلْتُ لَهُ: “يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، مَا هَذَا الْوُضُوءُ؟” فَقَالَ: “يَا بَنِي فَرُّوخَ، أَنْتُمْ هَاهُنَا؟ لَوْ عَلِمْتُ أَنَّكُمْ هَاهُنَا مَا تَوَضَّأْتُ هَذَا الْوُضُوءَ، سَمِعْتُ خَلِيلِي يَقُولُ: ‘تَبْلُغُ الْحِلْيَةُ مِنَ الْمُؤْمِنِ حَيْثُ يَبْلُغُ الْوُضُوءُ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Хазим былай деген: «Әбу Һурайра намазға дәрет алып жатқанда, мен оның артында тұрған едім. Ол қолын қолтығына дейін жеткізе жуып жатты. Мен одан: “Уа, Әбу Һурайра! Бұл қандай дәрет?” – деп сұрадым. Ол: “Уа, Фаррухтың ұрпақтары! Сендер осында ма едіңдер? Осында екендеріңді білгенімде, бұлай дәрет алмас едім. Сүйікті досымның (с.а.с.): ‘Мүміннің әшекейі дәрет суы жеткен жерге дейін жетеді’, – дегенін естідім”, – деді». (250/40)