Хадис

Сахих Мүслим, № 144

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
35. Мәзиді жуып кетіру және ол шыққаннан кейін дәрет алу туралыبَابٌ: فِي غَسْلِ الْمَذْيِ وَالْوُضُوءِ مِنْهُ
Нөмірі
№ 144 (Мухтасар реті)
144
Мүслим, № 144Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنْتُ رَجُلًا مَذَّاءً، وَكُنْتُ أَسْتَحْيِي أَنْ أَسْأَلَ النَّبِيَّ ﷺ لِمَكَانِ ابْنَتِهِ، فَأَمَرْتُ الْمِقْدَادَ بْنَ الْأَسْوَدِ فَسَأَلَهُ فَقَالَ: “يَغْسِلُ ذَكَرَهُ وَيَتَوَضَّأُ”».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деген: «Менен мәзи көп бөлінетін еді. Пайғамбардың (с.а.с.) қызы менің жұбайым болғандықтан, бұл туралы одан сұрауға ұялатынмын. Сондықтан Миқдад ибн әл-Әсуәдке бұл жайында сұрауды тапсырдым. Ол сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): “Жыныс мүшесін жуып, дәрет алсын”, – деді». (303/17)