Хадис

Сахих Мүслим, № 146

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
37. Түйе етін жегеннен кейін дәрет алуبَابُ الْوُضُوءِ مِنْ لُحُومِ الْإِبِلِ
Нөмірі
№ 146 (Мухтасар реті)
146
Мүслим, № 146Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: «أَتَوَضَّأُ مِنْ لُحُومِ الْغَنَمِ؟» قَالَ: «إِنْ شِئْتَ فَتَوَضَّأْ، وَإِنْ شِئْتَ فَلَا تَوَضَّأْ». قَالَ: «أَتَوَضَّأُ مِنْ لُحُومِ الْإِبِلِ؟» قَالَ: «نَعَمْ، فَتَوَضَّأْ مِنْ لُحُومِ الْإِبِلِ». قَالَ: «أُصَلِّي فِي مَرَابِضِ الْغَنَمِ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «أُصَلِّي فِي مَبَارِكِ الْإِبِلِ؟» قَالَ: «لَا».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Самураның (р.а.) айтуынша, бір адам Алла Елшісінен (с.а.с.): «Қой етін жегеннен кейін дәрет алайын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Қаласаң, дәрет ал, қаламасаң, дәрет алма», – деді. Әлгі адам: «Түйе етін жегеннен кейін дәрет алайын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Иә, түйе етін жегеннен кейін дәрет ал», – деді. Әлгі адам: «Қой қорасында намаз оқиын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Иә», – деді. Әлгі адам: «Түйелер шөгетін жерде намаз оқиын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Жоқ», – деді. (360/97)