Хадис
كِتَابُ النُّذُورِ

Нәзір (Аллаға берген уәде) кітабы

Сахих Мүслим, 23-кітап · 8 хадис · № 1002–1009

Мазмұны: 6 бап
  1. 1Аллаға бойсұнуға қатысты нәзірді орындау туралы
  2. 2Нәзірді өтеуге бұйыру туралы
  3. 3Қағбаға жаяу баруға нәзір еткен адам туралы
  4. 4Нәзір етуге тыйым салу және оның тағдырда белгіленген еш нәрсені өзгерте алмайтыны туралы
  5. 5Аллаға қарсы күнә жасауға қатысты да, адамның меншігінде жоқ нәрсеге қатысты да нәзірді орындауға болмайды
  6. 6Нәзірдің кәффараты туралы
بَابٌ: الْوَفَاءُ بِالنَّذْرِ إِذَا كَانَ فِي طَاعَةِ اللَّهِ

1-бапАллаға бойсұнуға қатысты нәзірді орындау туралы

1002
Мүслим, № 1002Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ بِالْجِعْرَانَةِ، بَعْدَ أَنْ رَجَعَ مِنَ الطَّائِفِ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي نَذَرْتُ فِي الْجَاهِلِيَّةِ أَنْ أَعْتَكِفَ يَوْمًا فِي الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ، فَكَيْفَ تَرَى؟» قَالَ: «اِذْهَبْ فَاعْتَكِفْ يَوْمًا». قَالَ: «وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَدْ أَعْطَاهُ جَارِيَةً مِنَ الْخُمْسِ، فَلَمَّا أَعْتَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَبَايَا النَّاسِ سَمِعَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَصْوَاتَهُمْ يَقُولُونَ: “أَعْتَقَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ”. فَقَالَ: “مَا هَذَا؟” فَقَالُوا: “أَعْتَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَبَايَا النَّاسِ”. فَقَالَ عُمَرُ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ، اِذْهَبْ إِلَى تِلْكَ الْجَارِيَةِ، فَخَلِّ سَبِيلَهَا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) Таифтен оралып, Жиғранада аялдап тұрған кезде, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) одан: «Уа, Расулалла! Мен жәһилиет дәуірінде Мәсжидул-Харамда бір күн иғтикафқа отыруды нәзір еткен едім. Бұған не дейсіз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Бар да, бір күн иғтикафқа отыр», – деді. Ибн Омар сөзін жалғастырып: «Алла Елшісі (с.а.с.) Омарға олжаның бестен бірінен бір күң берген еді. Алла Елшісі (с.а.с.) адамдардың қолындағы тұтқындарды азат еткенде, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) олардың: “Бізді Алла Елшісі (с.а.с.) азат етті”, – деген дауыстарын естіді. Ол: “Бұл не?” – деп сұрады. Оған: “Алла Елшісі (с.а.с.) адамдардың қолындағы тұтқындарды азат етті”, – деді. Сонда Омар: “Уа, Абдулла! Әлгі күңге бар да, оны бостандыққа жібер”, – деді», – деп жеткізді (1656/28).

بَابٌ: الْأَمْرُ بِقَضَاءِ النَّذْرِ

2-бапНәзірді өтеуге бұйыру туралы

1003
Мүслим, № 1003Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ قَالَ: «اِسْتَفْتَى سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي نَذْرٍ كَانَ عَلَى أُمِّهِ، تُوُفِّيَتْ قَبْلَ أَنْ تَقْضِيَهُ، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “فَاقْضِهِ عَنْهَا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Сағд ибн Убада анасының мойнындағы нәзірі жайында Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрады. Анасы нәзірін орындамай тұрып қайтыс болған еді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ендеше, оның атынан нәзірін орында”, – деді» (1638/1).

بَابٌ: فِيمَنْ نَذَرَ أَنْ يَمْشِيَ إِلَى الْكَعْبَةِ

3-бапҚағбаға жаяу баруға нәзір еткен адам туралы

1004
Мүслим, № 1004Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: «نَذَرَتْ أُخْتِي أَنْ تَمْشِيَ إِلَى بَيْتِ اللَّهِ حَافِيَةً، فَأَمَرَتْنِي أَنْ أَسْتَفْتِيَ لَهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَاسْتَفْتَيْتُهُ، فَقَالَ: “لِتَمْشِ، وَلْتَرْكَبْ”».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай деді: «Қарындасым Алланың Үйіне жаяу әрі жалаңаяқ баруды нәзір етті. Содан кейін мені өзінің атынан Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрауға жіберді. Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрадым. Сонда ол: “Жаяу да жүрсін, көлікке де мінсін”, – деді» (1644/11).

1005
Мүслим, № 1005Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ رَأَى شَيْخًا يُهَادَى بَيْنَ ابْنَيْهِ، فَقَالَ: «مَا بَالُ هَذَا؟» قَالُوا: «نَذَرَ أَنْ يَمْشِيَ». قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ عَنْ تَعْذِيبِ هَذَا نَفْسَهُ لَغَنِيٌّ»، وَأَمَرَهُ أَنْ يَرْكَبَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деп жеткізді: Пайғамбар (с.а.с.) екі ұлы екі жағынан демеп келе жатқан бір қартты көріп: «Мына кісіге не болған?» – деп сұрады. Олар: «Ол жаяу баруға нәзір еткен», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Расында, Ұлы әрі аса мәртебелі Алла бұл адамның өзін-өзі қинауына мұқтаж емес», – деді де, оған көлікке мінуді бұйырды (1642/9).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ النَّذْرِ وَأَنَّهُ لَا يَرُدُّ شَيْئًا

4-бапНәзір етуге тыйым салу және оның тағдырда белгіленген еш нәрсені өзгерте алмайтыны туралы

1006
Мүслим, № 1006Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ نَهَى عَنِ النَّذْرِ، وَقَالَ: «إِنَّهُ لَا يَأْتِي بِخَيْرٍ، وَإِنَّمَا يُسْتَخْرَجُ بِهِ مِنَ الْبَخِيلِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) нәзір етуге тыйым салып: «Нәзір жақсылық әкелмейді. Ол арқылы сараңның ғана қолынан мал шығарылады», – деді (1639/4).

1007
Мүслим, № 1007Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ النَّذْرَ لَا يُقَرِّبُ مِنِ ابْنِ آدَمَ شَيْئًا لَمْ يَكُنِ اللَّهُ قَدَّرَهُ لَهُ، وَلَكِنِ النَّذْرُ يُوَافِقُ الْقَدَرَ، فَيُخْرَجُ بِذَلِكَ مِنَ الْبَخِيلِ مَا لَمْ يَكُنِ الْبَخِيلُ يُرِيدُ أَنْ يُخْرِجَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Расында, нәзір адам баласына Алла тағдыр етпеген еш нәрсені жақындата алмайды. Алайда нәзір тағдырға сай келеді де, соның арқасында сараңның шығарғысы келмеген дүниесі қолынан шығарылады», – дегенін жеткізді (1640/7).

بَابٌ: لَا وَفَاءَ لِنَذْرٍ فِي مَعْصِيَةٍ لِلَّهِ وَلَا فِيمَا لَا يَمْلِكُ الْعَبْدُ

5-бапАллаға қарсы күнә жасауға қатысты да, адамның меншігінде жоқ нәрсеге қатысты да нәзірді орындауға болмайды

1008
Мүслим, № 1008Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَتْ ثَقِيفُ حُلَفَاءَ لِبَنِي عُقَيْلٍ، فَأَسَرَتْ ثَقِيفُ رَجُلَيْنِ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَأَسَرَ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مِنْ بَنِي عُقَيْلٍ، وَأَصَابُوا مَعَهُ الْعَضْبَاءَ، فَأَتَى عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ فِي الْوَثَاقِ. قَالَ: “يَا مُحَمَّدُ”. فَأَتَاهُ، فَقَالَ: “مَا شَأْنُكَ؟” فَقَالَ: “بِمَ أَخَذْتَنِي، وَبِمَ أَخَذْتَ سَابِقَةَ الْحَاجِّ؟” فَقَالَ (إِعْظَامًا لِذَلِكَ): “أَخَذْتُكَ بِجَرِيرَةِ حُلَفَائِكَ ثَقِيفَ”. ثُمَّ انْصَرَفَ عَنْهُ، فَنَادَاهُ، فَقَالَ: “يَا مُحَمَّدُ، يَا مُحَمَّدُ”، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَحِيمًا رَقِيقًا، فَرَجَعَ إِلَيْهِ، فَقَالَ: “مَا شَأْنُكَ؟” قَالَ: “إِنِّي مُسْلِمٌ”. قَالَ: “لَوْ قُلْتَهَا وَأَنْتَ تَمْلِكُ أَمْرَكَ أَفْلَحْتَ كُلَّ الْفَلَاحِ”. ثُمَّ انْصَرَفَ، فَنَادَاهُ، فَقَالَ: “يَا مُحَمَّدُ، يَا مُحَمَّدُ”. فَأَتَاهُ، فَقَالَ: “مَا شَأْنُكَ؟” قَالَ: “إِنِّي جَائِعٌ فَأَطْعِمْنِي، وَظَمْآنُ فَأَسْقِنِي”. قَالَ: “هَذِهِ حَاجَتُكَ”، فَفُدِيَ بِالرَّجُلَيْنِ. قَالَ: وَأُسِرَتِ امْرَأَةٌ مِنَ الْأَنْصَارِ وَأُصِيبَتِ الْعَضْبَاءُ، فَكَانَتِ الْمَرْأَةُ فِي الْوَثَاقِ وَكَانَ الْقَوْمُ يُرِيحُونَ نَعَمَهُمْ بَيْنَ يَدَيْ بُيُوتِهِمْ، فَانْفَلَتَتْ ذَاتَ لَيْلَةٍ مِنَ الْوَثَاقِ، فَأَتَتِ الْإِبِلَ، فَجَعَلَتْ إِذَا دَنَتْ مِنَ الْبَعِيرِ رَغَا فَتَتْرُكُهُ حَتَّى تَنْتَهِيَ إِلَى الْعَضْبَاءِ، فَلَمْ تَرْغُ، قَالَ: وَهِيَ نَاقَةٌ مُنَوَّقَةٌ، فَقَعَدَتْ فِي عَجُزِهَا، ثُمَّ زَجَرَتْهَا فَانْطَلَقَتْ، وَنَذِرُوا بِهَا فَطَلَبُوهَا فَأَعْجَزَتْهُمْ، قَالَ: وَنَذَرَتْ لِلَّهِ عَزَّ وَجَلَّ إِنْ نَجَّاهَا اللَّهُ عَلَيْهَا لَتَنْحَرَنَّهَا، فَلَمَّا قَدِمَتِ الْمَدِينَةَ رَآهَا النَّاسُ، فَقَالُوا: “الْعَضْبَاءُ نَاقَةُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. فَقَالَتْ إِنَّهَا نَذَرَتْ إِنْ نَجَّاهَا اللَّهُ عَلَيْهَا لَتَنْحَرَنَّهَا، فَأَتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَذَكَرُوا ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: “سُبْحَانَ اللَّهِ! بِئْسَمَا جَزَتْهَا، نَذَرَتْ لِلَّهِ إِنْ نَجَّاهَا اللَّهُ عَلَيْهَا لَتَنْحَرَنَّهَا، لَا وَفَاءَ لِنَذْرٍ فِي مَعْصِيَةٍ، وَلَا فِيمَا لَا يَمْلِكُ الْعَبْدُ”».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) былай деді: «Сақиф пен Бәну Уқайл тайпалары өзара одақтас еді. Сақиф тайпасы Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларынан екі адамды тұтқынға алды. Ал Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалары Бәну Уқайл тайпасынан бір адамды тұтқындап, онымен бірге әл-Адба атты інгенді де қолға түсірді. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі тұтқынның жанынан өтіп бара жатқанда, ол байлаулы күйде еді. Тұтқын: “Уа, Мұхаммед!” – деп дауыстады. Ол (с.а.с.) жанына келіп: “Не болды?” – деп сұрады. Тұтқын: “Мені не үшін тұтқындадың? Қажылардың алдына түсетін жүйрік інгенді не үшін қолға түсірдің?” – деді. Ол (с.а.с.) бұл істің ауырлығын білдіріп: “Сені одақтасың Сақиф тайпасының қылмысы үшін тұтқынға алдым”, – деді де, одан бұрылып кетті. Әлгі адам: “Уа, Мұхаммед! Уа, Мұхаммед!” – деп қайта дауыстады. Алла Елшісі (с.а.с.) мейірімді әрі жұмсақ мінезді еді. Сондықтан оған қайта келіп: “Не болды?” – деп сұрады. Ол: “Мен мұсылманмын”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Егер мұны өз еркің өзіңде тұрғанда айтқаныңда, толықтай мұратқа жетер едің”, – деді де, қайта бұрылып кетті. Әлгі адам тағы да: “Уа, Мұхаммед! Уа, Мұхаммед!” – деп дауыстады. Ол (с.а.с.) қайта келіп: “Не болды?” – деп сұрады. Тұтқын: “Қарным ашты, мені тамақтандыр. Шөлдедім, маған су бер”, – деді. Ол (с.а.с.): “Міне, сенің қажетің осы”, – деді. Кейін ол екі тұтқынға айырбасталып, босатылды. Ансарлық бір әйел де тұтқынға алынып, әл-Адба інгені де қолға түсірілді. Әйел байлаулы еді. Әлгі қауым малдарын кешкісін үйлерінің алдына иіріп қоятын. Бір түні әйел байлауынан босап шығып, түйелерге барды. Ол қай түйеге жақындаса да, әлгі түйе боздайтын. Сондықтан оны тастап, келесі түйеге баратын. Ақырында әл-Адбаға жеткенде, ол боздамады. Әл-Адба жуас әрі әбден үйретілген інген еді. Әйел оның сауырына мініп, айдап жүргізгенде, інген алға тартып кетті. Әлгі адамдар әйелдің қашқанын сезіп қалып, соңынан қуды, бірақ жете алмады. Әйел: “Егер Алла мені осы інгеннің үстінде аман алып қалса, оны міндетті түрде бауыздаймын”, – деп Аллаға нәзір етті. Мәдинаға келгенде, адамдар әл-Адбаны көріп: “Бұл – Алла Елшісінің (с.а.с.) інгені әл-Адба”, – деді. Әйел өзінің: “Егер Алла мені осы інгеннің үстінде аман алып қалса, оны міндетті түрде бауыздаймын”, – деп нәзір еткенін айтты. Адамдар Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, болған жайды хабарлады. Сонда ол (с.а.с.): “Субханаллаһ! Оның жақсылығын неткен жамандықпен қайтармақ! Алла оны осы інгеннің үстінде аман алып қалса, оны бауыздаймын деп нәзір етіпті. Күнәлі істе берілген нәзір орындалмайды әрі пенденің иелігінде жоқ нәрсеге қатысты нәзір де орындалмайды”, – деді». Ибн Хужрдың риуаятында: «Аллаға қарсы күнә болатын істе нәзір жоқ», – делінген (1641/8).

بَابٌ: فِي كَفَّارَةِ النَّذْرِ

6-бапНәзірдің кәффараты туралы

1009
Мүслим, № 1009Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَفَّارَةُ النَّذْرِ كَفَّارَةُ الْيَمِينِ».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Нәзірдің кәффараты – анттың кәффараты», – дегенін жеткізді (1645/13).