Хадис
كِتَابُ الْأَيْمَانِ

Анттар кітабы

Сахих Мүслим, 24-кітап · 11 хадис · № 1010–1020

Мазмұны: 8 бап
  1. 1Әкесінің атымен ант ішуге тыйым салу
  2. 2Пұттардың атымен ант ішуге тыйым салу
  3. 3Лат пен Уззаның атымен ант ішкен адам «Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ» десін
  4. 4Ант ішкенде «Алла қаласа» деп айтудың құпталуы туралы
  5. 5Ант ішушінің анты ант беруді талап еткен адамның ниетіне сай түсіндіріледі
  6. 6Анты арқылы мұсылманның ақысын иемденген адамға Тозақ жазасы тиесілі болады
  7. 7Ант ішкен адам антында айтқанынан қайырлы істі көрсе, антының кәффаратын өтеп, сол қайырлы істі жасасын
  8. 8Анттың кәффараты туралы
بَابٌ: النَّهْيُ أَنْ يَحْلِفَ بِأَبِيهِ

1-бапӘкесінің атымен ант ішуге тыйым салу

1010
Мүслим, № 1010Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَنْهَاكُمْ أَنْ تَحْلِفُوا بِآبَائِكُمْ». قَالَ عُمَرُ: «فَوَاللَّهِ مَا حَلَفْتُ بِهَا مُنْذُ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْهَا ذَاكِرًا وَلَا آثِرًا».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла сендерге әкелеріңнің атымен ант етуге тыйым салады”, – деді», – деп жеткізді. Омар (р.а.): «Алламен ант етемін, Алла Елшісінің (с.а.с.) бұған тыйым салғанын естігелі бері өзім де әкелерімнің атымен ант еткен емеспін, өзгеден естіген мұндай антты да қайталап айтқан емеспін», – деді (1646/1).

1011
Мүслим, № 1011Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ كَانَ حَالِفًا فَلَا يَحْلِفْ إِلَّا بِاللَّهِ”، وَكَانَتْ قُرَيْشٌ تَحْلِفُ بِآبَائِهَا، فَقَالَ: “لَا تَحْلِفُوا بِآبَائِكُمْ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім ант ететін болса, тек Алланың атымен ант етсін”, – деді. Құрайыш қауымы әкелерінің атымен ант ететін еді. Сондықтан ол (с.а.с.): “Әкелеріңнің атымен ант етпеңдер”, – деді» (1646/4).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الْحَلِفِ بِالطَّوَاغِي

2-бапПұттардың атымен ант ішуге тыйым салу

1012
Мүслим, № 1012Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَحْلِفُوا بِالطَّوَاغِي، وَلَا بِآبَائِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Самураның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Пұттардың атымен де, әкелеріңнің атымен де ант етпеңдер», – деген (1648/6).

بَابٌ: مَنْ حَلَفَ بِاللَّاتِ وَالْعُزَّى فَلْيَقُلْ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ»

3-бапЛат пен Уззаның атымен ант ішкен адам «Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ» десін

1013
Мүслим, № 1013Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَلَفَ مِنْكُمْ، فَقَالَ فِي حَلِفِهِ: “بِاللَّاتِ”، فَلْيَقُلْ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، وَمَنْ قَالَ لِصَاحِبِهِ: “تَعَالَ أُقَامِرْكَ”، فَلْيَتَصَدَّقْ». وَفِي رِوَايَةٍ: «مَنْ حَلَفَ بِاللَّاتِ وَالْعُزَّى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Араларыңнан біреу ант еткенде: “Латтың атымен ант етемін”, – десе, “Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ”, – десін. Ал кім жолдасына: “Кел, құмар ойнайық”, – десе, садақа берсін». Басқа бір риуаятта: «Кім Лат пен Уззаның атымен ант етсе», – делінген (1647/5).

بَابٌ: اِسْتِحْبَابُ الثُّنْيَا فِي الْيَمِينِ

4-бапАнт ішкенде «Алла қаласа» деп айтудың құпталуы туралы

1014
Мүслим, № 1014Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «قَالَ سُلَيْمَانُ بْنُ دَاوُدَ نَبِيُّ اللَّهِ عَلَيْهِمَا السَّلَامُ: “لَأَطُوفَنَّ اللَّيْلَةَ عَلَى سَبْعِينَ امْرَأَةً، كُلُّهُنَّ تَأْتِي بِغُلَامٍ يُقَاتِلُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ”. فَقَالَ لَهُ صَاحِبُهُ» (أَوِ الْمَلَكُ): «“قُلْ: ‘إِنْ شَاءَ اللَّهُ’”، فَلَمْ يَقُلْ وَنَسِيَ، فَلَمْ تَأْتِ وَاحِدَةٌ مِنْ نِسَائِهِ إِلَّا وَاحِدَةٌ جَاءَتْ بِشِقِّ غُلَامٍ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَلَوْ قَالَ: “إِنْ شَاءَ اللَّهُ”، لَمْ يَحْنَثْ وَكَانَ دَرَكًا لَهُ فِي حَاجَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алланың пайғамбары Сүлеймен ибн Дәуіт (ол екеуіне де сәлем болсын): “Бүгін түнде жетпіс әйелімді аралаймын. Олардың әрқайсысы Алла жолында соғысатын бір ұл туады”, – деді. Сонда оның серігі (немесе періште) оған: “‘Алла қаласа’ деп айт”, – деді. Бірақ ол ұмытып, мұны айтпай қалды. Әйелдерінің ешқайсысы бала тумады, тек біреуі ғана денесі жартылай қалыптасқан ұл туды». Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер ол: “Алла қаласа”, – дегенде, антын бұзбаған болар еді әрі бұл оның мұратына жетуіне себеп болар еді», – деді (1654/23).

بَابٌ: يَمِينُ الْحَالِفِ عَلَى نِيَّةِ الْمُسْتَحْلِفِ

5-бапАнт ішушінің анты ант беруді талап еткен адамның ниетіне сай түсіндіріледі

1015
Мүслим, № 1015Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْيَمِينُ عَلَى نِيَّةِ الْمُسْتَحْلِفِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Анттың мәні ант бергізушінің ниетіне қарай анықталады», – деген (1653/21).

بَابٌ: مَنِ اقْتَطَعَ حَقَّ امْرِئٍ مُسْلِمٍ بِيَمِينِهِ وَجَبَتْ لَهُ النَّارُ

6-бапАнты арқылы мұсылманның ақысын иемденген адамға Тозақ жазасы тиесілі болады

1016
Мүслим, № 1016

عَنْ أَبِي أُمَامَةَ (يَعْنِي الْحَارِثِيَّ)، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ اقْتَطَعَ حَقَّ امْرِئٍ مُسْلِمٍ بِيَمِينِهِ، فَقَدْ أَوْجَبَ اللَّهُ لَهُ النَّارَ، وَحَرَّمَ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ». فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: «وَإِنْ كَانَ شَيْئًا يَسِيرًا، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «وَإِنْ قَضِيبًا مِنْ أَرَاكٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Үмәмә әл-Харисидің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кім анты арқылы бір мұсылманның ақысын иемденсе, Алла оған Тозақты міндетті етіп, Жәннатты харам етеді». Сонда бір адам: «Уа, Алланың Елшісі! Тіпті болмашы нәрсе болса да ма?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Тіпті арак ағашының бір тал шыбығы болса да», – деді (137/218).

1017
Мүслим, № 1017Риуаят етуші: Уаил ибн Хужр (р.а.)

عَنْ وَائِلِ بْنِ حُجْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ مِنْ حَضْرَمَوْتَ وَرَجُلٌ مِنْ كِنْدَةَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ الْحَضْرَمِيُّ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ هَذَا قَدْ غَلَبَنِي عَلَى أَرْضٍ لِي كَانَتْ لِأَبِي”. فَقَالَ الْكِنْدِيُّ: “هِيَ أَرْضِي فِي يَدِي أَزْرَعُهَا لَيْسَ لَهُ فِيهَا حَقٌّ”. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ لِلْحَضْرَمِيِّ: “أَلَكَ بَيِّنَةٌ؟” قَالَ: “لَا”. قَالَ: “فَلَكَ يَمِينُهُ”. قَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الرَّجُلَ فَاجِرٌ لَا يُبَالِي عَلَى مَا حَلَفَ عَلَيْهِ، وَلَيْسَ يَتَوَرَّعُ مِنْ شَيْءٍ”. فَقَالَ: “لَيْسَ لَكَ مِنْهُ إِلَّا ذَلِكَ”، فَانْطَلَقَ لِيَحْلِفَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَمَّا أَدْبَرَ: “أَمَا لَئِنْ حَلَفَ عَلَى مَالِهِ لِيَأْكُلَهُ ظُلْمًا، لَيَلْقَيَنَّ اللَّهَ تَعَالَى وَهُوَ عَنْهُ مُعْرِضٌ”».

Қазақша аудармасы

Уәил ибн Хужр (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) Хадрамауттан бір адам мен Кинда тайпасынан бір адам келді. Хадрамауттық адам: “Уа, Алланың Елшісі! Мына адам әкемнен қалған жерімді тартып алды”, – деді. Киндалық адам: “Бұл – менің иелігімдегі өз жерім. Оған өзім егін егіп жүрмін. Оның бұл жерде ешбір ақысы жоқ”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) хадрамауттық адамнан: “Дәлелің бар ма?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Онда сен одан ант беруін талап ете аласың”, – деді. Әлгі адам: “Уа, Алланың Елшісі! Бұл – күнәһар адам. Не туралы ант етіп тұрғанына мән бермейді әрі еш нәрседен тайынбайды”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Одан талап ете алатының – осы ғана”, – деді. Киндалық адам ант ету үшін бет алған кезде, Алла Елшісі (с.а.с.) оның соңынан қарап: “Егер ол әлгі адамның мал-мүлкін зұлымдықпен иемдену үшін ант етсе, Аллаға жолыққанда, Алла одан теріс айналады”, – деді» (139/223).

بَابٌ: مَنْ حَلَفَ عَلَى يَمِينٍ فَرَأَى خَيْرًا مِنْهَا فَلْيُكَفِّرْ وَلْيَأْتِ الَّذِي هُوَ خَيْرٌ

7-бапАнт ішкен адам антында айтқанынан қайырлы істі көрсе, антының кәффаратын өтеп, сол қайырлы істі жасасын

1018
Мүслим, № 1018Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فِي رَهْطٍ مِنَ الْأَشْعَرِيِّينَ نَسْتَحْمِلُهُ، فَقَالَ: “وَاللَّهِ لَا أَحْمِلُكُمْ وَمَا عِنْدِي مَا أَحْمِلُكُمْ عَلَيْهِ”. قَالَ: فَلَبِثْنَا مَا شَاءَ اللَّهُ، ثُمَّ أُتِيَ بِإِبِلٍ، فَأَمَرَ لَنَا بِثَلَاثِ ذَوْدٍ غُرِّ الذُّرَى، فَلَمَّا انْطَلَقْنَا قُلْنَا (أَوْ قَالَ بَعْضُنَا لِبَعْضٍ): “لَا يُبَارِكُ اللَّهُ لَنَا، أَتَيْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَسْتَحْمِلُهُ، فَحَلَفَ أَنْ لَا يَحْمِلَنَا، ثُمَّ حَمَلَنَا”، فَأَتَوْهُ فَأَخْبَرُوهُ، فَقَالَ: “مَا أَنَا حَمَلْتُكُمْ وَلَكِنَّ اللَّهَ حَمَلَكُمْ. إِنِّي وَاللَّهِ إِنْ شَاءَ اللَّهُ لَا أَحْلِفُ عَلَى يَمِينٍ، ثُمَّ أَرَى خَيْرًا مِنْهَا، إِلَّا كَفَّرْتُ عَنْ يَمِينِي، وَأَتَيْتُ الَّذِي هُوَ خَيْرٌ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай деді: «Мен ашғарилерден бір топ адаммен бірге Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, бізге мініс көлік беруін сұрадым. Сонда ол (с.а.с.): “Алламен ант етемін, сендерге мініс көлік бере алмаймын. Сендерді мінгізетін көлігім де жоқ”, – деді. Алланың қалауымен біраз уақыт өткеннен кейін оған түйелер әкелінді. Сонда ол бізге ақ өркешті үш түйе беруді бұйырды. Біз жолға шыққан кезде: “Алла бізге мұның берекесін бермейді. Біз Алла Елшісіне (с.а.с.) мініс көлік сұрап келгенімізде, ол бізге көлік бермейтініне ант еткен еді. Кейін бізге көлік берді”, – дестік немесе біріміз екіншімізге осылай деді. Содан кейін оған қайта барып, болған жайды айттық. Ол (с.а.с.): “Сендерді мініс көлікпен қамтамасыз еткен мен емес, Алла. Алламен ант етемін, Алла қаласа, мен бір нәрсеге ант етіп, кейін одан да қайырлысын көрсем, міндетті түрде антымның кәффаратын өтеп, сол қайырлы істі жасаймын”, – деді» (1649/7).

1019
Мүслим, № 1019Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَعْتَمَ رَجُلٌ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، ثُمَّ رَجَعَ إِلَى أَهْلِهِ فَوَجَدَ الصِّبْيَةَ قَدْ نَامُوا، فَأَتَاهُ أَهْلُهُ بِطَعَامِهِ، فَحَلَفَ لَا يَأْكُلُ مِنْ أَجْلِ صِبْيَتِهِ، ثُمَّ بَدَا لَهُ فَأَكَلَ، فَأَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ حَلَفَ عَلَى يَمِينٍ فَرَأَى غَيْرَهَا خَيْرًا مِنْهَا، فَلْيَأْتِهَا، وَلْيُكَفِّرْ عَنْ يَمِينِهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір адам Пайғамбардың (с.а.с.) қасында түннің бір уағына дейін бөгеліп қалды. Кейін үйіне оралғанда, балаларының ұйықтап қалғанын көрді. Әйелі алдына ас әкелгенде, ол балаларының ұйықтап қалғанына байланысты тамақ жемейтініне ант етті. Алайда кейін райынан қайтып, тамақтанды. Содан соң Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, болған жайды баяндады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім бір нәрсеге ант етіп, кейін одан басқа істің қайырлырақ екенін көрсе, сол қайырлы істі істеп, антының кәффаратын өтесін”, – деді» (1650/11).

بَابٌ: فِي كَفَّارَةِ الْيَمِينِ

8-бапАнттың кәффараты туралы

1020
Мүслим, № 1020Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَاللَّهِ لَأَنْ يَلَجَّ أَحَدُكُمْ بِيَمِينِهِ فِي أَهْلِهِ آثَمُ لَهُ عِنْدَ اللَّهِ مِنْ أَنْ يُعْطِيَ كَفَّارَتَهُ الَّتِي فَرَضَ اللَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Алламен ант етемін, сендердің біріңнің отбасына қатысты антында қасарысып тұруы Алла парыз еткен кәффаратты өтегенінен гөрі Оның алдында күнәлірек», – дегенін жеткізді (1655/26).