Хадис

Сахих Мүслим, № 1013

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
24. Анттар кітабыكِتَابُ الْأَيْمَانِ
бап
3. Лат пен Уззаның атымен ант ішкен адам «Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ» десінبَابٌ: مَنْ حَلَفَ بِاللَّاتِ وَالْعُزَّى فَلْيَقُلْ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ»
Нөмірі
№ 1013 (Мухтасар реті)
1013
Мүслим, № 1013Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَلَفَ مِنْكُمْ، فَقَالَ فِي حَلِفِهِ: “بِاللَّاتِ”، فَلْيَقُلْ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، وَمَنْ قَالَ لِصَاحِبِهِ: “تَعَالَ أُقَامِرْكَ”، فَلْيَتَصَدَّقْ». وَفِي رِوَايَةٍ: «مَنْ حَلَفَ بِاللَّاتِ وَالْعُزَّى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Араларыңнан біреу ант еткенде: “Латтың атымен ант етемін”, – десе, “Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ”, – десін. Ал кім жолдасына: “Кел, құмар ойнайық”, – десе, садақа берсін». Басқа бір риуаятта: «Кім Лат пен Уззаның атымен ант етсе», – делінген (1647/5).