Хадис

Сахих Мүслим, № 1027

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
25. Қан төгудің харамдығы, қысас және құн төлеу кітабыكِتَابُ تَحْرِيمِ الدِّمَاءِ وَذِكْرِ الْقِصَاصِ وَالدِّيَةِ
бап
6. Өзін-өзі қандай да бір нәрсемен өлтірген адам Тозақта сол нәрсемен азапталадыبَابٌ: مَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِشَيْءٍ عُذِّبَ بِهِ فِي النَّارِ
Нөмірі
№ 1027 (Мухтасар реті)
1027
Мүслим, № 1027Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِلْتَقَى هُوَ وَالْمُشْرِكُونَ، فَاقْتَتَلُوا، فَلَمَّا مَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى عَسْكَرِهِ، وَمَالَ الْآخَرُونَ إِلَى عَسْكَرِهِمْ، وَفِي أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلٌ لَا يَدَعُ لَهُمْ شَاذَّةً وَلَا فَاذَّةً إِلَّا اتَّبَعَهَا يَضْرِبُهَا بِسَيْفِهِ، فَقَالُوا: «مَا أَجْزَأَ مِنَّا الْيَوْمَ أَحَدٌ كَمَا أَجْزَأَ فُلَانٌ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَمَا إِنَّهُ مِنْ أَهْلِ النَّارِ». فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: «أَنَا صَاحِبُهُ أَبَدًا». قَالَ: فَخَرَجَ مَعَهُ، كُلَّمَا وَقَفَ وَقَفَ مَعَهُ، وَإِذَا أَسْرَعَ أَسْرَعَ مَعَهُ، قَالَ: فَجُرِحَ الرَّجُلُ جُرْحًا شَدِيدًا، فَاسْتَعْجَلَ الْمَوْتَ، فَوَضَعَ نَصْلَ سَيْفِهِ بِالْأَرْضِ وَذُبَابَهُ بَيْنَ ثَدْيَيْهِ، ثُمَّ تَحَامَلَ عَلَى سَيْفِهِ، فَقَتَلَ نَفْسَهُ، فَخَرَجَ الرَّجُلُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «أَشْهَدُ أَنَّكَ رَسُولُ اللَّهِ». قَالَ: «وَمَا ذَاكَ؟» قَالَ: «الرَّجُلُ الَّذِي ذَكَرْتَ آنِفًا أَنَّهُ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، فَأَعْظَمَ النَّاسُ ذَلِكَ، فَقُلْتُ: “أَنَا لَكُمْ بِهِ”، فَخَرَجْتُ فِي طَلَبِهِ حَتَّى جُرِحَ جُرْحًا شَدِيدًا، فَاسْتَعْجَلَ الْمَوْتَ فَوَضَعَ نَصْلَ سَيْفِهِ بِالْأَرْضِ وَذُبَابَهُ بَيْنَ ثَدْيَيْهِ، ثُمَّ تَحَامَلَ عَلَيْهِ فَقَتَلَ نَفْسَهُ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عِنْدَ ذَلِكَ: «إِنَّ الرَّجُلَ لَيَعْمَلُ عَمَلَ أَهْلِ الْجَنَّةِ فِيمَا يَبْدُو لِلنَّاسِ وَهُوَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، وَإِنَّ الرَّجُلَ لَيَعْمَلُ عَمَلَ أَهْلِ النَّارِ فِيمَا يَبْدُو لِلنَّاسِ وَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) былай жеткізген: Алла Елшісі (с.а.с.) мүшріктермен кездесіп, екі жақ шайқасты. Алла Елшісі (с.а.с.) өз қосынына, ал мүшріктер өз қосынына қайтқанда, Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалары арасында жау әскерінен бөлініп қалған кімді көрсе де, соңынан қуып жетіп, қылышымен шауып жүретін бір кісі бар еді. Сахабалар: «Бүгін бізге пәленшедей пайда тигізген ешкім болмады», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Алайда ол – Тозақ иелерінен», – деді. Қауым ішіндегі бір кісі: «Мен бұдан былай оның соңынан қалмаймын», – деді де, онымен бірге шықты. Әлгі адам тоқтаған сайын ол да тоқтап, жылдамдаған сайын онымен бірге жылдамдап отырды. Бір кезде әлгі адам ауыр жараланды. Содан кейін өлімін тездетпек болып, қылышының сабын жерге тіреп, ұшын екі омырауының арасына қойды да, бар салмағымен қылышының үстіне құлап, өзін-өзі өлтірді. Оны бақылап жүрген кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Сіздің Алланың Елшісі екеніңізге куәлік етемін», – деді. Ол (с.а.с.): «Не болды?» – деп сұрады. Әлгі кісі: «Сіз жаңа ғана: “Ол – Тозақ иелерінен”, – деген адамды айтып тұрмын. Жұрт бұл сөзіңізді тым ауыр қабылдады. Сонда мен: “Оны маған қалдырыңдар”, – дедім де, соңынан шықтым. Ол ауыр жараланғанға дейін ізінен қалмай жүрдім. Содан кейін өлімін тездетпек болып, қылышының сабын жерге тіреп, ұшын екі омырауының арасына қойды да, бар салмағымен қылышының үстіне құлап, өзін-өзі өлтірді», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, бір адам жұрттың көзіне Жәннат иелерінің амалын істеп жүргендей көрінгенімен, өзі Тозақ иелерінен болады. Ал енді бір адам жұрттың көзіне Тозақ иелерінің амалын істеп жүргендей көрінгенімен, өзі Жәннат иелерінен болады», – деді (112/179).