Хадис

Сахих Мүслим, № 1032

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
25. Қан төгудің харамдығы, қысас және құн төлеу кітабыكِتَابُ تَحْرِيمِ الدِّمَاءِ وَذِكْرِ الْقِصَاصِ وَالدِّيَةِ
бап
11. Ішіне тиген соққыдан түсік тастаған әрі өзі де қайтыс болған әйелдің құны мен шарананың құны туралыبَابٌ: دِيَةُ الْمَرْأَةِ يُضْرَبُ بَطْنُهَا فَتُلْقِي جَنِينَهَا وَتَمُوتُ، وَدِيَةُ الْجَنِينِ
Нөмірі
№ 1032 (Мухтасар реті)
1032
Мүслим, № 1032Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «اِقْتَتَلَتِ امْرَأَتَانِ مِنْ هُذَيْلٍ، فَرَمَتْ إِحْدَاهُمَا الْأُخْرَى بِحَجَرٍ، فَقَتَلَتْهَا وَمَا فِي بَطْنِهَا، فَاخْتَصَمُوا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنَّ دِيَةَ جَنِينِهَا غُرَّةٌ عَبْدٌ أَوْ وَلِيدَةٌ، وَقَضَى بِدِيَةِ الْمَرْأَةِ عَلَى عَاقِلَتِهَا، وَوَرَّثَهَا وَلَدَهَا وَمَنْ مَعَهُمْ، فَقَالَ حَمَلُ بْنُ النَّابِغَةِ الْهُذَلِيُّ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ أَغْرَمُ مَنْ لَا شَرِبَ وَلَا أَكَلَ، وَلَا نَطَقَ وَلَا اسْتَهَلَّ؟ فَمِثْلُ ذَلِكَ يُطَلُّ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّمَا هَذَا مِنْ إِخْوَانِ الْكُهَّانِ”، مِنْ أَجْلِ سَجْعِهِ الَّذِي سَجَعَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Һузәйл тайпасынан екі әйел төбелесіп, біреуі екіншісіне тас лақтырды да, оны құрсағындағы баласымен бірге өлтірді. Содан кейін бұл дауды Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына алып келді. Алла Елшісі (с.а.с.) құрсағындағы баланың құны ретінде бір құл не күң төлеуге үкім етті. Ал әйелдің құнын өлтіруші әйелдің әке жағынан туыстарына, яғни ақиласына жүктеп, сол құнды өлген әйелдің балалары мен солармен бірге мұрагер болғандарға мұра етіп берді. Сонда Хамәл ибн ән-Набиға әл-Һузәли: “Уа, Расулалла! Ішпеген де, жемеген де, сөйлемеген де, дүниеге келгенде шыр етіп дауысы шықпаған нәрсе үшін қалайша құн төлеймін? Мұндайдың құны өтелмейді ғой!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Шынында, бұл – балгерлердің бауырларының бірі”, – деді. Мұны оның ұйқастырып айтқан сөзіне байланысты айтты» (1681/36).