عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِيَ بِيَهُودِيٍّ وَيَهُودِيَّةٍ قَدْ زَنَيَا، فَانْطَلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى جَاءَ يَهُودَ، فَقَالَ: «مَا تَجِدُونَ فِي التَّوْرَاةِ عَلَى مَنْ زَنَى؟» قَالُوا: «نُسَوِّدُ وُجُوهَهُمَا، وَنُحَمِّلُهُمَا، وَنُخَالِفُ بَيْنَ وُجُوهِهِمَا، وَيُطَافُ بِهِمَا». قَالَ: «فَأْتُوا بِالتَّوْرَاةِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ»، فَجَاءُوا بِهَا فَقَرَؤُوهَا حَتَّى إِذَا مَرُّوا بِآيَةِ الرَّجْمِ وَضَعَ الْفَتَى الَّذِي يَقْرَأُ يَدَهُ عَلَى آيَةِ الرَّجْمِ، وَقَرَأَ مَا بَيْنَ يَدَيْهَا وَمَا وَرَاءَهَا، فَقَالَ لَهُ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ سَلَامٍ (وَهُوَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ): «مُرْهُ فَلْيَرْفَعْ يَدَهُ»، فَرَفَعَهَا فَإِذَا تَحْتَهَا آيَةُ الرَّجْمِ، فَأَمَرَ بِهِمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَرُجِمَا. قَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ: «كُنْتُ فِيمَنْ رَجَمَهُمَا، فَلَقَدْ رَأَيْتُهُ يَقِيهَا مِنَ الْحِجَارَةِ بِنَفْسِهِ».
Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісіне (с.а.с.) зина жасаған бір яһуди ер мен бір яһуди әйел әкелінді. Алла Елшісі (с.а.с.) яһудилерге барып: “Зина жасаған адамға Тәуратта қандай жаза белгіленген?” – деп сұрады. Олар: “Екеуінің де жүзін қарайтып, көлікке мінгізіп, жүздерін екі жаққа қаратып ел аралатамыз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Егер шын айтып тұрсаңдар, Тәуратты әкеліңдер”, – деді. Олар Тәуратты әкеліп, оқи бастады. Тасборан туралы аятқа келгенде, оқып отырған жас жігіт қолын сол аяттың үстіне қойып, оның алдындағы және кейінгі сөздерді оқыды. Сол кезде Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге отырған Абдулла ибн Сәләм: “Оған қолын көтеруді бұйырыңыз”, – деді. Жігіт қолын көтергенде, астынан тасборан туралы аят көрінді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) екеуін тасборан етуге бұйырды да, олар таспен ұрып өлтірілді». Абдулла ибн Омар (р.а.): «Мен екеуін тасборан еткендердің арасында болдым. Яһуди ер адамның әйелді тастардан өз денесімен қалқалап тұрғанын көрдім», – деді (1699/26).