Хадис

Сахих Мүслим, № 1056

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
29. Сот үкімдері және куәлік беру кітабыكِتَابُ الْقَضَاءِ وَالشَّهَادَاتِ
бап
6. Қазының үкім шығарарда дәлелдерді мұқият саралап, дұрыс шешімге келуі не қателесуі туралыبَابٌ: إِذَا حَكَمَ الْحَاكِمُ فَاجْتَهَدَ فَأَصَابَ أَوْ أَخْطَأَ
Нөмірі
№ 1056 (Мухтасар реті)
1056
Мүслим, № 1056Риуаят етуші: Амр ибн әл-Ас (р.а.)

عَنْ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا حَكَمَ الْحَاكِمُ فَاجْتَهَدَ ثُمَّ أَصَابَ، فَلَهُ أَجْرَانِ، وَإِذَا حَكَمَ فَاجْتَهَدَ ثُمَّ أَخْطَأَ، فَلَهُ أَجْرٌ».

Қазақша аудармасы

Амр ибн әл-Ас (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Қазы үкім шығарарда ижтиһад жасап, дұрыс шешімге келсе, екі сауап алады. Ал ижтиһад жасап, қателессе, бір сауап алады», – дегенін естіген (1716/15).