Хадис

Сахих Мүслим, № 1134

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
33. Сияр (әскери жорықтар мен соғыс жүргізу тәртібі) кітабыكِتَابُ السِّيَرِ
бап
21. Түнгі шабуыл кезінде дұшпанның бала-шағасының зардап шегуі туралыبَابٌ: مَا أُصِيبَ مِنْ ذَرَارِيِّ الْعَدُوِّ فِي الْبَيَاتِ
Нөмірі
№ 1134 (Мухтасар реті)
1134
Мүслим, № 1134Риуаят етуші: Сағб ибн Жәссама (р.а.)

عَنِ الصَّعْبِ بْنِ جَثَّامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الذَّرَارِيِّ مِنَ الْمُشْرِكِينَ يُبَيَّتُونَ فَيُصِيبُونَ مِنْ نِسَائِهِمْ وَذَرَارِيِّهِمْ، فَقَالَ: «هُمْ مِنْهُمْ».

Қазақша аудармасы

Сағб ибн Жәссама (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) мүшріктерге түнде шабуыл жасалғанда, олардың әйелдері мен балаларына да зиян тиіп кететіні жайында сұралды. Сонда ол (с.а.с.): “Олар да солардан”, – деді» (1745/26).