Хадис

Сахих Мүслим, № 1216

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
35. Басшылық кітабыكِتَابُ الْإِمَارَةِ
бап
16. Ағаш түбінде Пайғамбарға (с.а.с.) шайқастан қашпауға серт беру туралыبَابٌ: مُبَايَعَةُ النَّبِيِّ ﷺ تَحْتَ الشَّجَرَةِ عَلَى تَرْكِ الْفِرَارِ
Нөмірі
№ 1216 (Мухтасар реті)
1216
Мүслим, № 1216Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ أَلْفًا وَأَرْبَعَ مِائَةٍ، فَبَايَعْنَاهُ وَعُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ آخِذٌ بِيَدِهِ تَحْتَ الشَّجَرَةِ، وَهِيَ سَمُرَةٌ». وَقَالَ: «بَايَعْنَاهُ عَلَى أَنْ لَا نَفِرَّ، وَلَمْ نُبَايِعْهُ عَلَى الْمَوْتِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Хұдайбия күні біз мың төрт жүз адам едік. Ағаштың түбінде Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) қолынан ұстап тұрған кезде, біз оған бәйғат бердік. Бұл сәмура ағашы болатын». Жәбир сөзін жалғап: «Біз оған қашпауға бәйғат бердік. Өлімге бәйғат берген жоқпыз», – деді (1856/67).