Хадис

Сахих Мүслим, № 1221

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
35. Басшылық кітабыكِتَابُ الْإِمَارَةِ
бап
19. Басшыдан ашық күпірлік көрмейінше, оның сөзін тыңдап, оған бағынуға серт беру туралыبَابٌ: الْبَيْعَةُ عَلَى السَّمْعِ وَالطَّاعَةِ إِلَّا أَنْ يَرَوْا كُفْرًا بَوَاحًا
Нөмірі
№ 1221 (Мухтасар реті)
1221
Мүслим, № 1221

عَنْ جُنَادَةَ بْنِ أَبِي أُمَيَّةَ، قَالَ: «دَخَلْنَا عَلَى عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ وَهُوَ مَرِيضٌ، فَقُلْنَا: “حَدِّثْنَا، أَصْلَحَكَ اللَّهُ، بِحَدِيثٍ يَنْفَعُ اللَّهُ بِهِ سَمِعْتَهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. فَقَالَ: “دَعَانَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَبَايَعْنَاهُ، فَكَانَ فِيمَا أَخَذَ عَلَيْنَا: أَنْ بَايَعَنَا عَلَى السَّمْعِ وَالطَّاعَةِ فِي مَنْشَطِنَا وَمَكْرَهِنَا، وَعُسْرِنَا وَيُسْرِنَا، وَأَثَرَةٍ عَلَيْنَا، وَأَنْ لَا نُنَازِعَ الْأَمْرَ أَهْلَهُ، قَالَ: ‘إِلَّا أَنْ تَرَوْا كُفْرًا بَوَاحًا عِنْدَكُمْ مِنَ اللَّهِ فِيهِ بُرْهَانٌ’”».

Қазақша аудармасы

Жунада ибн Әбу Умәйя былай деді: «Біз науқастанып жатқан Убада ибн әс-Самиттің қасына кіріп: “Алла хәліңізді оңдасын! Бізге Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген, Алла бізге пайдасын тигізер бір хадис айтып беріңіз”, – дедік. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) бізді шақырғанда, оған бәйғат бердік. Оның бізден алған серті бойынша, көңіліміз қалағанда да, қаламағанда да, қиындықта да, жеңілдікте де, өзгелерге біздің есебімізден артықшылық берілген кезде де тыңдап, бойсұнуға әрі билік иелерінің билігіне таласпауға бәйғат бердік. Пайғамбар (с.а.с.): ‘Тек Алладан келген айқын дәлелі бар ашық күпірлікті көрсеңдер ғана басқа’, – деді”, – деді» (1709/42).