Хадис

Сахих Мүслим, № 1223

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
35. Басшылық кітабыكِتَابُ الْإِمَارَةِ
бап
21. Басшыға бағыну туралыبَابٌ: طَاعَةُ الْإِمَامِ
Нөмірі
№ 1223 (Мухтасар реті)
1223
Мүслим, № 1223Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «مَنْ أَطَاعَنِي فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ، وَمَنْ يَعْصِنِي فَقَدْ عَصَى اللَّهَ، وَمَنْ يُطِعِ أَمِيرِي فَقَدْ أَطَاعَنِي، وَمَنْ يَعْصِ أَمِيرِي فَقَدْ عَصَانِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Кім маған бағынса, расында, Аллаға бағынған болады. Ал кім маған қарсы келсе, расында, Аллаға қарсы келген болады. Кім мен тағайындаған басшыға бағынса, расында, маған бағынған болады. Ал кім мен тағайындаған басшыға қарсы келсе, расында, маған қарсы келген болады» (1835/32).