Хадис

Сахих Мүслим, № 1233

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
35. Басшылық кітабыكِتَابُ الْإِمَارَةِ
бап
30. Бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлінген адам туралыبَابٌ: فِيمَنْ خَرَجَ مِنَ الطَّاعَةِ وَفَارَقَ الْجَمَاعَةَ
Нөмірі
№ 1233 (Мухтасар реті)
1233
Мүслим, № 1233

عَنْ نَافِعٍ، قَالَ: «جَاءَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُطِيعٍ حِينَ كَانَ مِنْ أَمْرِ الْحَرَّةِ مَا كَانَ، زَمَنَ يَزِيدَ بْنِ مُعَاوِيَةَ، فَقَالَ: “اِطْرَحُوا لِأَبِي عَبْدِ الرَّحْمَنِ وِسَادَةً”. فَقَالَ: “إِنِّي لَمْ آتِكَ لِأَجْلِسَ، أَتَيْتُكَ لِأُحَدِّثَكَ حَدِيثًا سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُهُ: ‘مَنْ خَلَعَ يَدًا مِنْ طَاعَةٍ، لَقِيَ اللَّهَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ لَا حُجَّةَ لَهُ، وَمَنْ مَاتَ وَلَيْسَ فِي عُنُقِهِ بَيْعَةٌ، مَاتَ مِيتَةً جَاهِلِيَّةً’”».

Қазақша аудармасы

Нафиғ былай деді: «Язид ибн Мұғауияның тұсында Харра оқиғасы болған кезде, Абдулла ибн Омар Абдулла ибн Мұтиғтың қасына келді. Сонда Абдулла ибн Мұтиғ: “Әбу Абдуррахманға жастық төсеңдер”, – деді. Ибн Омар (р.а.): “Мен саған отыру үшін келген жоқпын. Алла Елшісінен (с.а.с.) өз құлағыммен естіген бір хадисті жеткізу үшін келдім. Ол (с.а.с.): ‘Кім бойсұнудан қол үзсе, Қиямет күні Аллаға ақталар уәжі болмай жолығады. Ал кім мойнында бәйғаты болмаған күйде қайтыс болса, жәһилиет өлімімен өледі’, – деген еді”, – деді» (1851/58).