Хадис

Сахих Мүслим, № 1275

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
38. Сусындар кітабыكِتَابُ الْأَشْرِبَةِ
бап
12. Шайырмен қапталмаған қыш құмыраларда сусын дайындауға рұқсат етілуі туралыبَابٌ: الرُّخْصَةُ فِي الْجَرِّ غَيْرِ الْمُزَفَّتِ
Нөмірі
№ 1275 (Мухтасар реті)
1275
Мүслим, № 1275Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «لَمَّا نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ النَّبِيذِ فِي الْأَوْعِيَةِ، قَالُوا: “لَيْسَ كُلُّ النَّاسِ يَجِدُ”. فَأَرْخَصَ لَهُمْ فِي الْجَرِّ غَيْرِ الْمُزَفَّتِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) ыдыстарда тұндырма сусын дайындауға тыйым салғанда, адамдар: “Былғары торсықты жұрттың бәрі бірдей таба алмайды”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) оларға қарамай жағылмаған қыш құмырада дайындауға рұқсат етті» (2000/66).