Хадис

Сахих Мүслим, № 1284

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
38. Сусындар кітабыكِتَابُ الْأَشْرِبَةِ
бап
18. Бал сусынын, жемісті суға салу арқылы дайындалатын сусынды (нәбизді), сүтті және суды ішу туралыبَابٌ: فِي شُرْبِ الْعَسَلِ وَالنَّبِيذِ وَاللَّبَنِ وَالْمَاءِ
Нөмірі
№ 1284 (Мухтасар реті)
1284
Мүслим, № 1284Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا أَقْبَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ مَكَّةَ إِلَى الْمَدِينَةِ فَأَتْبَعَهُ سُرَاقَةُ بْنُ مَالِكِ بْنِ جُعْشُمٍ، قَالَ: فَدَعَا عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَسَاخَتْ فَرَسُهُ، فَقَالَ: “اُدْعُ اللَّهَ لِي وَلَا أَضُرُّكَ”. قَالَ: فَدَعَا اللَّهَ، قَالَ: فَعَطِشَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَمَرُّوا بِرَاعِي غَنَمٍ». قَالَ أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «فَأَخَذْتُ قَدَحًا فَحَلَبْتُ فِيهِ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ كُثْبَةً مِنْ لَبَنٍ، فَأَتَيْتُهُ بِهِ فَشَرِبَ حَتَّى رَضِيتُ».

Қазақша аудармасы

Бара (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеден Мәдинаға бет алып келе жатқанда, оның соңынан Сұрақа ибн Мәлик ибн Жұғшум қуды. Алла Елшісі (с.а.с.) оған қарсы дұға еткенде, атының аяқтары жерге батып кетті. Сонда Сұрақа: “Мен үшін Аллаға дұға ет. Саған ешбір зиян тигізбеймін”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) ол үшін Аллаға дұға етті. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) шөлдеді. Олар жолай бір қойшының жанынан өтті». Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.): «Мен бір тостағанға Алла Елшісі (с.а.с.) үшін біраз сүт сауып, алдына апарып бердім. Ол менің көңілім толғанша сүт ішті», – деді (2009/91).