Хадис

Сахих Мүслим, № 1291

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
38. Сусындар кітабыكِتَابُ الْأَشْرِبَةِ
бап
23. Сусынды үлкендерге беру үшін жасы кіші адамнан рұқсат сұрау туралыبَابٌ: فِي اِسْتِئْذَانِ الصَّغِيرِ فِي إِعْطَاءِ الشُّيُوخِ
Нөмірі
№ 1291 (Мухтасар реті)
1291
Мүслим, № 1291Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِيَ بِشَرَابٍ فَشَرِبَ مِنْهُ، وَعَنْ يَمِينِهِ غُلَامٌ، وَعَنْ يَسَارِهِ أَشْيَاخٌ، فَقَالَ لِلْغُلَامِ: «أَتَأْذَنُ لِي أَنْ أُعْطِيَ هَؤُلَاءِ؟» فَقَالَ الْغُلَامُ: «لَا، وَاللَّهِ، لَا أُوثِرُ بِنَصِيبِي مِنْكَ أَحَدًا». قَالَ: فَتَلَّهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي يَدِهِ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) былай деп жеткізді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) бір сусын әкелінді. Ол (с.а.с.) одан ішті. Оның оң жағында бір бала, ал сол жағында жасы үлкен кісілер отырған еді. Сонда ол (с.а.с.) баладан: “Мыналарға беруіме рұқсат етесің бе?” – деп сұрады. Бала: “Жоқ, Алламен ант етемін! Сізден тиетін үлесімді ешкімге бере алмаймын”, – деді». Сәһл (р.а.): «Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) ыдысты оның қолына ұстатты», – деді (2030/127).