عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ بُسْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «نَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى أَبِي، قَالَ: فَقَرَّبْنَا إِلَيْهِ طَعَامًا وَوَطْبَةً، فَأَكَلَ مِنْهَا، ثُمَّ أُتِيَ بِتَمْرٍ فَكَانَ يَأْكُلُهُ وَيُلْقِي النَّوَى بَيْنَ إِصْبَعَيْهِ، وَيَجْمَعُ السَّبَّابَةَ وَالْوُسْطَى» (قَالَ شُعْبَةُ: «هُوَ ظَنِّي، وَهُوَ فِيهِ، إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى، إِلْقَاءُ النَّوَى بَيْنَ الْإِصْبَعَيْنِ») «ثُمَّ أُتِيَ بِشَرَابٍ فَشَرِبَهُ، ثُمَّ نَاوَلَهُ الَّذِي عَنْ يَمِينِهِ، قَالَ: فَقَالَ أَبِي (وَأَخَذَ بِلِجَامِ دَابَّتِهِ): “اُدْعُ اللَّهَ لَنَا”. فَقَالَ: “اللَّهُمَّ بَارِكْ لَهُمْ فِيمَا رَزَقْتَهُمْ، وَاغْفِرْ لَهُمْ وَارْحَمْهُمْ”».
Абдулла ибн Буср (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) әкемнің үйіне қонақ болып түсті. Біз оның алдына ас және құрма, ұнтақталған құрт пен сары майдан дайындалған уатба тағамын қойдық. Ол (с.а.с.) одан жеді. Содан кейін құрма әкелінді. Ол құрманы жеп, дәнектерін сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасына қыстырып алып, бөлек тастайтын». Шуғба: «Бұл – менің жорамалым. Алла қаласа, хадисте дәнектерді екі саусақтың арасынан тастайтыны айтылған», – деді. Абдулла сөзін жалғастырып: «Содан кейін оған сусын әкелінді. Ол (с.а.с.) оны ішіп, кейін оң жағында отырған адамға ұсынды. Әкем оның мініс көлігінің тізгінінен ұстап тұрып: “Біз үшін Аллаға дұға етіңіз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Алла! Оларға берген ризығыңа береке бер, оларды кешір әрі рақым ет”, – деп дұға етті», – деді (2042/146).