Хадис

Сахих Мүслим, № 1321

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
39. Тағамдар кітабыكِتَابُ الْأَطْعِمَةِ
бап
22. Арак ағашының қара түсті жемісі (кәбәс) туралыبَابٌ: فِي الْكَبَاثِ الْأَسْوَدِ
Нөмірі
№ 1321 (Мухтасар реті)
1321
Мүслим, № 1321Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ بِمَرِّ الظَّهْرَانِ، وَنَحْنُ نَجْتَنِي الْكَبَاثَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “عَلَيْكُمْ بِالْأَسْوَدِ مِنْهُ”. قَالَ: فَقُلْنَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَأَنَّكَ رَعَيْتَ الْغَنَمَ؟” قَالَ: “نَعَمْ، وَهَلْ مِنْ نَبِيٍّ إِلَّا وَقَدْ رَعَاهَا؟” أَوْ نَحْوَ هَذَا مِنَ الْقَوْلِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Марр әз-Заһранда кәбәс жемісін теріп жүрген едік. Пайғамбар (с.а.с.): “Оның қара түстісін теріңдер”, – деді. Біз: “Уа, Расулалла! Сіз қой баққан сияқтысыз”, – дедік. Ол: “Иә. Қой бақпаған пайғамбар бар ма?!” – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты», – деп жеткізген (2050/163).