Хадис

Сахих Мүслим, № 1396

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
41. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
1. Пайғамбардың (с.а.с.) «Менің есімімді қойыңдар, бірақ менің күнияммен аталмаңдар» деген сөзі туралыبَابٌ: قَوْلُ النَّبِيِّ ﷺ: «تَسَمَّوْا بِاسْمِي وَلَا تَكْتَنُوا بِكُنْيَتِي»
Нөмірі
№ 1396 (Мухтасар реті)
1396
Мүслим, № 1396Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «نَادَى رَجُلٌ رَجُلًا بِالْبَقِيعِ: “يَا أَبَا الْقَاسِمِ”، فَالْتَفَتَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي لَمْ أَعْنِكَ، إِنَّمَا دَعَوْتُ فُلَانًا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “تَسَمَّوْا بِاسْمِي، وَلَا تَكْتَنُوا بِكُنْيَتِي”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Бақиғта бір адам екінші біреуді: “Уа, Әбул-Қасым!” – деп шақырды. Алла Елшісі (с.а.с.) оған бұрылып қарағанда, әлгі кісі: “Уа, Расулалла! Мен сізді шақырған жоқпын, пәленшені шақырдым”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Менің есіміммен ат қойыңдар, бірақ менің күнияммен аталмаңдар”, – деді» (2131/1).