Хадис

Сахих Мүслим, № 1418

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
41. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
19. Мұсылманның басқа мұсылманға қатысты бес құқығы бар екені туралыبَابٌ: حَقُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ خَمْسٌ
Нөмірі
№ 1418 (Мухтасар реті)
1418
Мүслим, № 1418Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «حَقُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ سِتٌّ». قِيلَ: «مَا هُنَّ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «إِذَا لَقِيتَهُ فَسَلِّمْ عَلَيْهِ، وَإِذَا دَعَاكَ فَأَجِبْهُ، وَإِذَا اسْتَنْصَحَكَ فَانْصَحْ لَهُ، وَإِذَا عَطَسَ فَحَمِدَ اللَّهَ فَشَمِّتْهُ، وَإِذَا مَرِضَ فَعُدْهُ، وَإِذَا مَاتَ فَاتَّبِعْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұсылманның мұсылман алдындағы хақысы – алтау», – деді. Одан: «Уа, Расулалла! Олар қандай?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.): «Кездескенде оған сәлем бер; шақырса, шақыруын қабыл ал; сенен кеңес сұраса, оған шынайы кеңес бер; түшкіріп, Аллаға мадақ айтса, оған “Алла саған рақым етсін” де; ауырса, көңілін сұра; қайтыс болса, жаназасына ілес», – деді (2162/5).